Аудандық (қалалық) білім бөлімі меңгерушісінің немесе мектеп құжаттамасымен айналысатын адамның қалған бланкілерді, сондай-ақ олардың нөмірлерін көрсете отырып, бүлінген бланкілерді алғаны туралы қолы
Беттің соңына дейін
2-бөлім. Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргені туралы аттестаттарды есепке алу Кітаптің ішкі беті
(сол жақ беті)
Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргені туралы педагогикалық кеңес шешімінің жылы, айы, күні
Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргені туралы аттестатты алу жөніндегі қолхат
Кітаптың соңғы беті
Осы кітапта ____________________ (жазбаша) бет нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген.
Орта білім беру ұйымының басшысы _________________________ (қолы)
Мөрдің орны
________ жылғы "_____" ______________
Ескерту: Негізгі мектепті бітіру туралы аттестаттарды есепке алу және беру кітабы (бұдан әрі – Кітап) негізгі орта және жалпы орта мектептерде жүргізіледі.
Арнайы түзету мектебінде (қосалқы) Кітап оқушылардың аталған мектептің толық курсын аяқтағандығы туралы белгіленген үлгіде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 5-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес БТ сериялы аттестат беріледі және Оқушылардың осы мектептің толық немесе толық емес курсын аяқтағаны туралы белгіленген үлгідегі кітапқа мәлімет енгізіледі.
Қалған таза және бүлінген аттестат бланкілерінің сериясы мен нөмірі көрсетіле отырып, аудандық (қалалық) білім бөліміне тапсырылады. Кітапта бланкілерді тапсыру туралы тиісті жазба жазылады.
Кітаптың бірінші бөлігінде сериялары мен нөмірлері көрсетіле отырып, негізгі орта мектепті аяқтағандығы туралы алынған және берілген аттестаттардың саны ескеріледі.
Негізгі мектепті бітіргені туралы аттестаттың телнұсқасын беру туралы жазба осы Кітаптағы кезекті нөмір бойынша жүргізіледі, онда 4-23 бағандар мынадай мәтінді жазу үшін пайдаланылады: "_____ жылғы ______ (күні) ______ (айы), берілген №______ сериясы ________ жоғалған түпнұсқаның орнына берілген телнұсқаны ______ жылғы ____ (күні) _____ (айы) алдым", ал жоғары жағында 2-жолда №______ сериясы ________ телнұсқаны беру туралы белгі қойылады.
Қате толтырылғанның орнына негізгі мектепті бітіргені туралы аттестат беру туралы жазба Кітаптағы кезекті нөмір бойынша жүргізіледі, онда 4-23 бағандар мынадай мәтінді жазу үшін пайдаланылады: "_____ жылғы ______ (күні) ______ (айы), берілген №______ сериясы ________ қате толтырылған түпнұсқаның орнына ______ жылғы ____ (күні) _____ (айы) алдым", ал жоғары жағында 2-жолда №______ сериясы ________ қайта аттестат беру туралы белгі қойылады.
Экстернге негізгі мектепті бітіргені туралы аттестат беру туралы жазба осы Кітаптың "Осы мектепке қабылданған жылы" деген 5-бағанында "экстерн" деп жазылады.
Мектепті осы жылы бітіргендер тізімінің соңында барлық аттестат алғандардың қолы болуы тиіс.
Кітаптың беттері нөмірленіп, тігіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімі меңгерушісінің мөрімен және қолымен бекітіледі.
Кітап білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда электрондық форматта толтырылады, оны қағаз түрінде толтыру талап етілмейді.
Кітап оқу жылының қорытындысы бойынша ақпараттық жүйеден жүктеліп, кітаптың беттері нөмірленіп, тігіліп, мектеп директорының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен бекітіліп, сақталуы қамтамасыз етіледі.
Нысан
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі