Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту



Дата01.06.2022
өлшемі73 Kb.
#145692
Байланысты:
7a1115a2-ca53-4bd8-b711-fac7d72ef37b




Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту

Білім берудегі жағдай жаңа типтегі балабақша,білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б келтіруге болады.


Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі балабақша Миссиясы тек балаларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру балабақшада ерекше орын алады.
Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған. Балабақша болсын,мектеп болсын ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы,әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы балабақшаға дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап,атсалысуын қамтамасыз ету.
Көптеген ата-аналардың балабақша өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы.
Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың балабақшаға бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың балабақшадағы өмірінің табысты басталуы-отбасы мен балабақшаның ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналармен ынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың балабақша өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының балабақша өміріне белсене қатысуы баланың өзіне деген сенімін арттырып,оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.
Балабақшадан мектепке қабылданған кез-әр баланың өмірінде күрт өзгеріске толы кезең. Баланың психикалық жетілуіндегі маңызды қортынды оның мектепке қаншалықты дайындығында жатыр.Себебі үйреншікті әдеттері мен әрекеттері өзгеріске ұшырайды, жаңа әлеуметтік жағдайларға тап болып, оған бейімделе бастайды. Өзінің жаңа қалып-жағдайын ұғыну,түсіну қиындыққа соқтырады.
Педагогикалық ұжымның міндеті – балабақшада балалармен жұмыс істеудің мазмұнын жаңарту қызметін жетілдірудің ішкі резервтерін іздестіру. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі функциясы – баланың жеке тұлғасын мақсатты түрде әлеуметтендіру. Осыған байланысты МДҰ-ға қойылатын
қазіргі заманғы негізгі талаптарды бөліп қарауға болады: бала өз қажеттіліктеріне, қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес, ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар құру арқылы дербес дамуға деген өз құқығын іске асырады; педагог өзінің кәсіптік және жеке қасиеттерін дамытады, басшы балалар мен педагогтар қызметтерінің табыстылығын қамтамасыз етеді; МДҰ-да ата-аналардың өз балалары үшін қалайтын болашаққа деген көзқарасының ерекшеліктерін ескереді және оларды балалармен және білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығымен сындарлы-серіктестік өзара әрекеттестікке бағдарлайды. МДҰ-ның қызметі «бала – бала», «бала – ата-ана», «бала – тәрбиеші», «бала – маман» жүйесіндегі «Серіктестікке негізделген іс-қимылдардың алуан түріндегі шығармашылыққа белсенді, еркін баланы дамыту» тұжырымдамалық қағидалары негізінде құрылады. Тек айналасындағы адамдармен тығыз ынтымақтастықта ғана бала мінез-құлықтың әлеуметтік қабылданған түрлерімен танысады, адамгершілік нормаларын саналы түрде ұстануға және білім беру үдерісіне белсене қатысуға үйренеді. Даму МДҰ-қызметінің барлық жағын қамтиды, ал өзгерістер әр балаға, тәрбиешіге, басшыға, отбасына қатысты болады. Әр педагог тәрбиеленушілермен өзара әрекеттесудің негізгі түрлеріне – ынтымақтастыққа, сұхбатқа, серіктестікке, бірлескен шығармашылыққа үнемі бағдар алып отырады. Тұжырымдамалық қағидаттар негізінде МДҰ-ны басқару технологиясын ұйымдастыруды қарастырамыз. Мақсаты: МДҰ тәрбие беру қызметін дамыту үдерісін стихиялықтан гөрі басқару үдерісіне ауыстыру. Міндеттері: Қайта құру үдерістерінің мәнін көрсететін басқарылатын ақпарат ағынын ұйымдастыру. Ақапараттық-зияткерлік ортаны қалыптастыру. Педагогтың өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайлар жасау. Педагогтың инновациялық қызметін проблемалық-бағдарлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Аталған міндеттерді іске асыруға арналған құралдарға: диагностау (анықтау), құрылымдау немесе жоспарлау (жаңалықтарды модельдеу-әзірлеу); түзету; талдау; сараптау (бағалау); басқарушы шешім қабылдау жатады. Кезеңдері: Диагностау – басқару назарының аймағын айқындау, қайта құру бағыттарын анықтау. Түзету – болашақ МДҰ моделін белгілеу, бағдарламаланатын модельді түзету, эксперименттік қызмет. МДҰ-дағы өз жұмысы туралы пікірлері мен қалауларын, жұмыс түрлерін анықтау мақсатында педагогтармен «миға шабуыл» жүргізу. Өзара әрекеттесу мақсатында басқа МДҰ-лар туралы ақпарат жинау және оларды өңдеу. Қызметті жоспарлау – нақты жұмыс жоспарын құру. Негізгі мақсатты, қызмет бағытын, жоспарды іске асыру кезеңдері мен мерзімдерін белгілеу. Талдау – МДҰ жұмысының деңгейін мына позициялар бойынша анықтау: балалардың даму деңгейі, педагогтардың кәсіптік құзыреттілігі; тәрбие және білім беру бағдарламаларын іске асыру, инновациялық қызметтің нәтижелілігі, оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік және дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, құрылған дамытушы ортаның деңгейі; материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Педагогикалық жұмыстың мазмұны туралы көптеген әзірлемелер бар. Әрбір МДҰ-ның педагогтардың нақты ұсыныстарымен қабылданатын өзіндік ерекше тәсілдері бар. Жұмысты ұйымдастыра отырып, басшы педагогикалық үдерістің – білім беруге қатысушылардың барлығына бағытталған мұқият ойластырылған жүйе екенін есте ұстауы тиіс. Қазіргі кезде педагогикалық ұжым ізденістік режимде жұмыс істеуі қажет. Жұмыста ең бастысы – мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіруде педагогтарға нақты көмек көрсету. Барлық жұмыс тәрбие және білім берудің үздік педагогикалық тәжірибелері енгізілген, бір мақсатқа біріккен, пікірлес педагогикалық ұжымды қалыптастыруға бағытталған. «Шығармашылық шеберхана» білім беру үдерісі Ата-аналар Баланың сапалы күтімі мен біліміне мүдделілік,тәрбие беру қызметінің дағдыларын жетілдіру Әдіскер Ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту, МДҰ-да неғұрлым қол жетімді және қолдануға келетін тәрбиелік қызметтерге деген сұранысты зерделеу Педагогтар Отбасына деген педагогикалық көмекке қолдау көрсету Балалар Балалардың қызығушылығын қалыптастыру және бағыттау, оларды кеңейту және тереңдету, оларға тұрақтылық, әрекеттілік, адамгершілік бағыттарын беру Тәрбие және білім беру үдерісінің маңызды аспектілеріне балаларды оқыту мен түрлі қызмет барысында субъектілік ұстанымды қамтамасыз ету, баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарау; таңдау еркіндігі; қатарластары және ересектермен мейірімді қарым-қатынас; білімін, икемдерін, қарым-қатынас пен ойындағы, еңбектегі, арақатынастағы тәжірибесін меңгеру және қолдану. Барлық педагогикалық технологиялар баланың өз өмірінің субъектісі бола білу қабілетін дамытуға бағытталған. Қызмет субъектісі ретінде баланың маңызды сипаттамалары – бұл оның өзіндік дербестігі, бастамашылдығы, танымда, ара қатынаста шығармашылық қызметін көрсету. Сонымен қатар балабақша жұмысының тиімділігі көп жағдайларда МДҰ –қызметкерлері мен ата-аналар арасындағы сындарлы өзара әрекеттесушілік пен өзара түсіністікке байланысты болады. Ата-аналармен жұмыстың әзірленген моделі өзара әрекеттесудің «Ата-ана – бала – педагог» жүйесін құруға мүмкіндік береді, бұнда бала назарға алудың жетекші субъектісіне айналады, ал ересектердің арақатынасы – эмоциялық тұрғыдан бірқалыпты, өзара қолдануға келетін, еркін және тәуелсіз, сындарлы болады. Ынтымақтастық жобасының өзара әрекеттесу үдерісіне неғұрлым белсене қатысуын көздейді, алайда бұл белсенділік бәрбір жергілікті сипатта ғана болады, өйткені белгілі бір қызметте ғана күш сала қатысуды нысанға алады. Ынтымақтастықтың аталған моделін іске асыру үдерісі кезінде «ата-аналықтың басымдылығына» деген қарым-қатынас түбегейлі өзгереді. Ата-аналар бойында балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру үдерісіне педагогтармен бірлесе, саналы түрде ортақ кірісу икемдері қалыптасады, ал педагогтар ата-аналардың білім беру жүйесінен қашықта болуы сияқты таптаурынды кедергіден өтеді. Дәстүрлі қалыптасқандай тек ата-аналармен ғана жұмыс жүргізіп қою жеткіліксіз, оны МДҰ-ның барлық қызметкерлерін қамти отырып, балалармен жүргізілетін жұмысты да үйлестіру қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуінің негізгі идеясы – балаларды тәрбиелеуде күш біріктіруге мүмкіндік беретін серіктестік қарым-қатынасты орнату, мүдделер ортақтығының атмосферасын құру, ата-аналардың тәрбиелеу машықтарын белсендіру. МДҰ-дағы білім беру үдерісіндегі ата-аналардың және педагогтардың өзара әрекеттесу моделін құру мынадай міндеттерді шешуді: – ата-аналардың тәрбиелеу мүмкіншіліктерін белсендіруді; – ата-аналарды МДҰ-дағы білім беру үдерісіне қатысуға тартуды; – отбасылық тәрбиелеу тәжірибесін білім беру бағдарламаларын іске асыруда пайдалануды; – өзара әрекеттесуге қатысушылардың жеке тәжірибесін қызмет арқылы, оны өзгерту мен қайта құру арқылы байытуға ықпал етуді көздейді. Қарым-қатынастың сенімгерлік нысанының моделі Баланың жағымды бейнесін (ата-аналарға) трансляциялау Отбасында алған білімін (ата-аналарға) трансляциялау Педагогтарды баланың дербестігімен таныстыру Баланың дербестігін бірге зерттеу және қалыптастыру Әлеуметтік серіктестік моделін іске асыру мына нәтижелерге: – баланы МДҰ-да күтіп-ұстаудың отбасына неғұрлым жақын эмоциялық-психологиялық қолайлы жағдайын жасауға; – педагогтар мен ата-аналардың бойындағы бірыңғай құндылық бағдарларға қол жеткізуге; – отбасының бала өміріндегі әлеуметтік және педагогтық рөлдің маңыздылығын тануға; – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде және оларға білім беруде ата-аналардың педагогикалық, психологиялық және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға; – бала мен ата-аналар қарым қатынасын ізгілендіруге; – ата-аналардың МДҰ қызметіне араласу деңгейін арттыруға; – эмоциялық өзара қолдау, жайлылық, өзара түсіністік атмосферасы, мүдделер ортақтығына; – ата-аналардың МДҰ қызметін жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Отбасы мен МДҰ-ның әлеуметтік-педагогикалық серіктестігінің моделі – әлеуметтік өзара әрекеттесудің перспективалық және тиімді түрі. Ол ізгілік тәсіліне бағдарланған дәстүрлі педагогикалық дүниетанымды өзгертуді қажет етеді: бала, оның дамуы, жеке басы әлеуетінің ашылуы басты әрекет етуші тұлғаға айналады, ал МДҰ бала мен ата-аналар арасындағы делдал болып табылады және олардың қарым-қатынастарының үйлесімді болуына көмектеседі.
Отбасымен жұмыстың қалыптасқан әдістерімен қатар,балабақшамызда жүйелі түрде өткізілетін отбасымен серіктестік әрекет түрлері де бар. Отбасының әлеуметтік, тұрмыс, мәдени деңгейін, жұмыс ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік портретін құру.
1. Ашық есік күндері өткізілетін шаралар арқылы әр ата-ана баласының жетістіктерін байқай отырып, мүмкіндіктерінің, мінезінің қыр-сынын тани бастайды.
2.Мерекелер мен шараларды өткізуге қатыстыру
3.«Толағай»атты топтарарасындағы спорттық сайыс.Ата-аналар балаларының дене дайындығын ғана байқап қоймай,өздерінің де қабілеттерін көрсету арқылы жақсы эмоционалды байланыс орнатады. «Көктем-ана,қыздар-гүл», «Әке және мен» сайыстары отбасылық дәстүрді жаңғыртып, отбасымен серіктестікті нығайтады.
4.“Ата-аналарға арналған бұрыш ”. Бұрышта ата-аналарға баланың психикалық, дене, дамуындағы, жас ерекшеліктеріндегі өзгерістер, ескерілетін жағдайлар бойынша кеңестер мен сұрақ-жауап айдары жұмыс жасайды.
Адамгершілік-бұл ата-ана мен баланы сақтайтын бекет,біріншісін реніш пен өкініштен сақтаса,соңғысын ар-ожданы алдындағы азаптан сақтайды.
Отбасымен серіктестік барысында жүйелі әрекет қажет, әрбір отбасының қызметін, әлеуметтік-материалдық жағдайын,білімі мен қызығушылығын,ұстанымдарын ескере әрекеттенген жөн. Ата-аналармен ағартушылық және бірлескен әрекеттердің кезеңдері анық нақты айқындалуы қажет.
•Барлық бірлескен әрекеттер,ұсынған әдістер отбасына қызықты қажет болуы шарт
•Ұсынылған әрекеттер мен әдістердің ішінде ата-анаға таңдау құқығы берілгені жөн.
•Өз балаларымен бірлесе әрекет етуге,оның көзінде маңыздылығын сезінуге бағыттайтын әрекет жасауға мүмкіндігінің болуы
Балабақша тек оқу мен жазуға үйрететін орта емес,тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен әр баланың жас ерекшелігіне сай танымдық,адамгершілік,жеке дара ерекшеліктерінің уақытында дамып,қалыптасуына ықпал ететін орта екенін ата-аналарға түсіндіру қажет. Ата-аналар жиналысын “Балаға деген адамгершілік қарым-қатынас деген не? ” тақырыбына арнау

Алтын күз


Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады:

1 - бала: Қуаныштың ағайын


Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
2 - бала: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
3 - бала: Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс


Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би "....................."
(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
1 - бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?
3 - бала: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
1 - бала: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
4 - бала: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
5 - бала: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
1 - бала: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1 - бала: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
6 - бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
7 - бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Алма: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Ән «Алтын күз»
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
- бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Күз»
Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер

Жаңалықтарды біле жүріңіздер...


- Әп - сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата - анаға үлкен сыйлығымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата - аналар мальбертте сурет сала береді)


Тәрбиеші: Әсем әнсіз той бола ма?


Ән арнайық күзге жаңа!


Жеке ән «Сәлем, сәлем Алтын күз!» муз: А. Еспенбетова


Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,


«Күз - 2013» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!


Сәнді киімдер шеруі
Тәрбиеші: Вокалды топ бүгін бізде қонақта
Келіпті күзге ән арнамаққа!
Жеке ән « Егін жинау» Муз: А. Филиппенко
Тәрбиеші: Енді бір сәт назар сап
Мақтау менен сыйға лайық
Сурет өнерін тамашалайық!
(Күз тақырыбына сурет салған ата - аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды)
Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз
Суретші екенсіздер нағыз
Сыйлығымыз сіздер үшін!
(Күз тақырыбына дайындалған жапсыру, картина, жұмсақ ойыншық түрінде жасалған жеміс немесе көкөніс т. б. сыйға тартылады)
Тәрбиеші: Жарнама, тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар
Күзге арнап ортада!
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі)
Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
Ән «Жомарт күз»

Тапсырма:


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелік іс шара жоспарлаңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет