«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» пәні бойынша



бет2/3
Дата20.11.2023
өлшемі31,2 Kb.
#191985
1   2   3
Байланысты:
Mektepke-deyingi-t rbie-men-o ytu- distemesi-zh ne-zhas-psikhologiyasy

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту бағыттары: Мектепке дейінгі ұйым педагогі: маман және тұлға. Сәби шақтағы балалардың негізгі даму ерекшеліктері және әлеуметтенуі(1-3 жас). Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі. Баланы мектепке даярлау. Балабақша мен отбасының өзара әрекеттестігі. Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық – кеңістіктік дамытушы орта. Ойын әрекеті және оны ұйымдастыру әдістемесі.
Балалардың психологиялық даму ерекшеліктері: Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиялдау процестерінің даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін, сезім, ерік, әрекетінің даму ерекшеліктері.
Мектеп дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемесі:Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, сөздік қорды, тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру және көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жиын, сан, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт пен кеңістік және салмақ туралы түсініктерін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу және мүсіндеуді үйрету әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру, жапсыру іс-әрекеттеріне үйрету әдістемесі.


5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет