«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» пәні бойынша



бет1/3
Дата20.11.2023
өлшемі31,2 Kb.
#191985
  1   2   3
Байланысты:
Mektepke-deyingi-t rbie-men-o ytu- distemesi-zh ne-zhas-psikhologiyasy


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» пәні бойынша
Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы
(2023 жылдан бастап қолдану үшін)



  1. Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарды аттестаттау барысында педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеумақсатындақұрастырылған.

  2. Мiндетi: Педагогтердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.

  3. Мазмұны: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.






Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаттары

01

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту бағыттары

01

Мектепке дейінгі ұйым педагогі: маман және тұлға

Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігі туралы білу

02

Сәби шақтағы балалардың негізгі даму ерекшеліктері және әлеуметтенуі(1-3 жас)

Сәбишақтағыбалалардыңнегізгі даму ерекшеліктерін(1-3 жас) білу. Әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік-эмоционалдыдағдылардықалыптастыру

03

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі

Балалардыңжасерекшеліктерінескереотырып, күнібойыбалалардыңфизикалықбелсенділігінеуақытбөлінеді, олқимылбелсенділігі, енешынықтыру-сауықтырушаралары (таңертеңгіжаттығу, сергітусәті, шынықтырушаралары), мәдени-гигеналықдағдылар, ойынәрекеті, дербесбелсендіжәнет.б. әрекеттерарқылыкүнтәртібінесәйкесұйымдастыру.

04

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой (сенсорлық) тәрбиесі

Танымдықжәнезияткерлікдағдылардыдамытутәрбиеленушілердіңқоршағанәлемменөзарақарым-қатынасжасауынақажеттітанымдықжәнезерттеушілікәрекеттіңқарапайымдағдыларынмеңгертудіқарастыру. Бөбекжасытоптарында осы жастоптарындабалалардытүспен, пішінмен, көлемментаныстыруға, ұсақжәнеірімоториканыдамытуға, кеңістіктібағдарлауғаықпалететінсенсомоторлыорталыққұруғаүйрету.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыру. Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асыру

05

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіне-өзіқызметету, табиғаттағыеңбек, қолеңбегі, ересектердіңеңбегінбақылауды ұйымдастыру. Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектергекөмектесуниетінқолдау.

06

Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі

Баланыңтабиғаттағыәсемдік пен сұлулықтытанып, ұғыныпжәне оныажыратыпруханиәспеттепқабылдайбілугеүйрету.
Өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын
қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру

07

Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі

Балалардыңжалпықабылданғанморальдық-адамгершілікнормалар мен құндылықтардымеңгеруінеықпалету. Дөрекілікке, сараңдыққатеріскөзқарасқалыптастыру; басқабалаларменбірге, келісіпойнауға, бір-бірінекөмектесугежәнежетістіктеріне, әдеміойыншықтарғабіргеқуануға баулу. Ненің "дұрыс" немесе "дұрысемес", "жақсы" немесе "жаман" екенітуралықарапайымтүсініктердіқалыптастыру. Жақынадамдарыныңжағдайынэмоционалдықабылдайбілугетәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлықтаныту). Ата-аналарынсыйлауға баулу.

08

Баланы мектепке даярлау

Баланың мектепке физиологиялық, әлеуметтік-психологиялық, зияткерлік даярлығын қалыптастыру

09

Балабақша мен отбасының өзара әрекеттестігі

Отбасыменәріптестікқарым-қатынасорнатуға, балалардыдамыту мен тәрбиелеуүшінотбасы мен мектепкедейінгіұйымныңкүш-жігерінбіріктіруге, өзаратүсіністікатмосферасынқұру, мүдделердіңортақтығын, мектепкедейінгіұйымныңтәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналарарасындақарым-қатынасқадегеноңкөзқарас пен тілектестіктіқолдауға, балалардыңата-аналарынажәнезаңдыөкілдерінеарналғанконсультациялықкеңестіңжұмысынкеңейту, ата-аналармен (заңдыөкілдерімен) ынтымақтастықтақарым-қатынасорнатуғаүйрету.

10

Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық – кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру

Заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар қауіпсіз, қолжетімді, мазмұнды, бай,
вариативті, көп атқарымды,
өзгермелі заттық ортаны құрастыруға үйрету.

11

Ойын әрекеті және оны ұйымдастыру әдістемесі

Ойын (дидактикалық, қимылды, музыкалық, театрландырылған, сюжетті-рөлдік, драма ойындары және т.б) арқылы балалардың қоршаған әлемді тану қабілеті мен күнделікті әрекетін ұйымдастыру. Балаларды әртүрлі, қарқынды ойын әрекеттеріне, еркін ойын ұйымдастыруға ынталандыру балаларға ойын барысында қажет болуы мүмкін заттарды (үстелдер, орындықтар, мата қиындылары, орамалдар, тақтайшалар, төсеніштер, жастықтар, әртүрлі табиғи материалдар және т.б.) дайындау немесе олардың қиялын оятуға мүмкіндік беру.

02

Балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

12

Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиялдау процестерінің даму ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиялдау процестерінің даму ерекшеліктерімен таныстыру

13

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін, сезім, ерік, әрекетінің даму ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін, сезім, ерік, әрекетінің даму ерекшеліктерімен таныстыру

03

Мектеп дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемесі

14

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, сөздік қорды, тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін: дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдануға үйрету.

15

Мектеп жасына дейінгі
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру және көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі. Сауат ашу әдістемесі.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға және неғұрым күрделі сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету. Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қоюға, қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқуға баулу.
Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау. Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету. Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

16

Мектеп жасына дейінгі балалардың жиын, сан, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту.
Жиын, сан, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыруды күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы еркін ойын түрінде ұйымдастыру.

17

Мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт пен кеңістік және салмақ туралы түсініктерін қалыптастыру

Мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт пен кеңістік және салмақ туралы түсініктерін қалыптастырудыеркін ойын түрінде ұйымдастыру

18

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасауды ұйымдастыру

19

Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу және мүсіндеуді үйрету әдістемесі

Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрліпішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелекпішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тіксызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.
Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету. Сурет салуда,мүсіндеуде қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

20

Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру, жапсыру іс-әрекеттеріне үйрету әдістемесі

Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың nүрлеріментаныстыру.
Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішінібойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан
немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған
бейнені қағазға жапсыру.
Желімдеудің техникасын үйрету. ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
Жапсыру, құрастыру барысында қауіпсіздік техникасын сақтауға үйрету





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет