Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі


-параграф. Білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары



бет2/4
Дата04.07.2018
өлшемі119,08 Kb.
#47106
1   2   3   4

3-параграф. Білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары

100. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттау

мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) аттестаттауды әзірлеу мен өткізу;

2) аттестаттау комиссиясымен өткізетін қызметшілермен әңгімелесу;

3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

101. Аттестаттауды өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – аттестаттау органы) кадр қызметі ұйымдастырады және ол келесі іс-шараларды қамтиды:

1) аттестатталатын білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

 3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

4) әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.

102. Аттестатталушы органның кадр қызметі, білім беру саласындағы жауапты орындаушылар аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

103. Аттестаттаушы органның басшысы аттестаттаушы органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімін, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамын бекітеді.

104. Білім беру ұйымының жауапты орындаушылары, аттестатталушы органның кадрлық қызметі қызметшілерге аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей оларды өткізу мерзімдері туралы жазбаша хабардар етеді.

105. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездеме ресімдейді және оны аттестаттаушы органның кадр қызметіне жолдайды.

106. Қызметтік мінездеменің құрамында аттестатталушы қызметшіге негізделген объективті бағалау, кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік әрекетінің нәтижелері болады.

107. Аттестаттаушы органның кадрлық қызметі қызметшіні оған ұсынылған қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын мерзімде таныстырады.

108. Оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда, қызметші аттестаттаушы органның кадр қызметіне оны сипаттайтын ақпаратты ұсынады.

109. Аттестаттаушы органның кадр қызметімен аттестатталушы қызметшіге осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға жататын азаматтық қызметшінің аттестаттау парағын ресімдейді.

110. Аттестаттаушы органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.

111. Аттестаттау комиссиясы аттестаттаушы органның басшысымен оны кадр қызметінің ұсынысы бойынша және оның мүшелерінің тақ санымен кемінде бес адамнан құрылады.

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға мен хатшыны тағайындайды. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады.

112. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттесталатын органның кадр қызметінің басшылары, кәсіподақтың және алқалық басқару ұйымы кеңесінің өкілдері енгізіледі.

Аттестаттау комиссиясының жоқ мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы білім беру ұйымының жауапты орындаушысы, аттестаттау органының басшысы айқындайтын аттестаттау органының кадр қызметінің өкілі болып табылады.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды және дауыс беруге қатыспайды.

113. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.

114. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

115. Аттестаттау комиссиясының мүшелері келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіре алады.

116. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады.

Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Азаматтық қызметші қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледi.

117. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.

 Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған.

118. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң аттестатталушы қызметшіге осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады, содан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жатады.

119. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.

120. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

121. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен өткізіледі.

Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:


  • атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

  • атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

122. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.

123. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді және оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

124. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі.

125. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

Жүкті әйелдер, жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы, бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақсы сақталмайтын демалыстағы барлық қызметшілерді қоспағанда аттестаттаудан барлық азаматтық қызметшілер өтуге тиіс.

126. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әр үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестаттаудан өтеді.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады.



Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша
Нысан

____________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аудандық (қалалық) білім басқармалары, уәкілетті орган)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет