Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы



бет23/44
Дата27.12.2022
өлшемі151,79 Kb.
#164661
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:


13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
114. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
115. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоционалды елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады. Тірі және өлі табиғат туралы білімдерін қалыптастыру және Қазақстан халықтарының рухани-адамгершілік құндылықтарымен таныстыру.
116. Міндеттері:
балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, туған өлкесіне, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
14-параграф. I Жартыжылдық
117. Қоршаған ортамен танысу.
Менің отбасым.
1) отбасылық суреттерді қарауға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. "Отбасы", "Үй", "Демалыста" және басқа мазмұнды-рөлдік ойындарды ұйымдастыру;
2) қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікте бағдарлау;
3) заттар мен олардың шамасын, түсін, пішінін ажырату және атау, қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
4) қазақ және басқа халықтардың тұрмыс заттарымен таныстыру;
5) заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.
Ересектердің еңбегі.
Балабақша, балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту.
Қазақстан - менің Отаным.
Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;
мазмұнды-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;
қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;
көлік құралдарын атайды;
балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;
өздері тұратын қала мен ауыл туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет