Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет32/44
Дата27.12.2022
өлшемі151,79 Kb.
#164661
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:


12-параграф. ІІ жартыжылдық
149. Сурет салу.
Заттық сурет салу:
1) заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету;
2) көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың пішінін бейнелей білуге баулу;
3) сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. Суретте ашық және солғын түстерді пайдалану.
Сюжеттік сурет салу.
Заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыра отырып, мазмұнды композиция салу, дағдыларын дамыту. Ағаштар мен жануарларды олардың ерекшеліктерін ескере отырып, салуға үйрету.
Сәндік сурет салу.
Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру. Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салу техникасын игерген;
заттардың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып салады;
заттар мен жануарлардың пішінін бейнелейді;
мазмұнды композицияның бейнесін салу дағдыларын игерген;
қазақ оюларының элементтерін қолданады.
150. Мүсіндеу.
Мүсіндеу техникасын жетілдіру.
Заттық мүсіндеу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
2) бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Сюжеттік мүсіндеу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру;
2) ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді өзара бөлісу;
3) мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу.
Сәндік мүсіндеу.
Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту. Жартылай пішінді алу үшін сазбалшықтың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
мүсіндеуде кескішті қолдана біледі;
жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құрастырады;
ұжымдық жұмысқа қатысады, тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады;
халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын игерген;
қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды.
151. Жапсыру.
Жапсыру мазмұнын күрделендіріп және әртүрлі бейнелерді жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, оған қызығушылықты тәрбиелеу.
Заттық жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) күрделі заттар мен жануарлардың пішіндерін жапсыру;
2) қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу;
3) қайшымен жұмыс;
4) шаршы мен төртбұрышты екі бөлікке қию, жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию дағдыларын қалыптастыру.
Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Сюжеттік жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру;
2) заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру;
3) дөңгелектер мен сопақтарды қию;
4) ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
Сәндік жапсыру.
Келесі дағдыларды дамыту және қалыптастыру:
1) ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру;
2) элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру.
3) қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру. Панно даярлау, сәндік композицияларды өз ойынша орындау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;
бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;
қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;
ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
панно даярлау туралы ұғымдарға ие, сәндік композицияларды өз ойынша орындайды;
бейнелеу өнерінің түрлері: көркем сурет, мүсіндеу, халық өнері туралы түсініктерге ие.
152. Музыка.
Музыка тыңдау:
1) музыкалық мәнерлеу құралдарын ажырату, музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдау, оларды тану, шығарманың бөлімдерін ажырата білу, музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеу;
2) сипаты мен мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдау және салыстыра білу;
3) тыңдауды қимыл көрсету арқылы сүйемелдей отырып, музыкалық бейне мен қимыл тәжірибесінің арақатынасын анықтау.
Ән айту:
1) жеке және хормен ән айту дағдыларын, соза дыбыстауды, таза интонациялауды, бір қарқында ән айтуды дыбыстаудың бірдей күшімен ән айтуды жетілдіру. Әртүрлі сипаттағы әндерді орындау, дауыспен секіріс үлгісіндегі және төмендеуші әуен қарқынын бере білу;
2) күш салмай ән айту, сөздер мен дыбыстарды таза және анық айту, музыкалық шығармадан кейін ән айту фразалар арасындағы тыныс алу, әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу, соңын мұқият әндетіп айту.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар:
1) би қозғалыстарын, ойындық музыкалық әрекеттерді орындауға тәрбиелеу;
2) музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесін сәйкестендіру жаттығулары; қозғалыс бағытын өзгертіп адымдау, аяқты жоғары көтеріп жүгіру; әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдау; мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Таныс әндерді орындауда түрлі балалар музыкалық аспаптарын қолдану.
Билер:
1) музыканың биге тән сипатын қабылдау; жеңіл қозғалу, ырғақты, қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; биде ойындық музыкалық қимылдарды қолдану;
2) би қозғалыстарының, ойындар мен хор атауларын білу. Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен хор айтып жүру, қозғалысты өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту. Музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, қол орамалды баяу бұлғау, әуен сүйемелдеуімен жұбымен жүру, көңілді билеу;
3) балалар музыкалық аспаптарында ойнай білу, әртүрлі музыкалық және шулы аспаптарда ересектің ойнағанын тыңдау;
4) музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындау; шулы оркестрге қатысу; балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
Күтілетін нәтижелер:
әуені бойынша әндерді таниды, олардың мазмұны туралы баяндайды;
әнді созып, сөздерін анық айтады, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
әнді бірге бастап, бірге аяқтайды;
музыканың сипатына сәйкес қимылдарды музыкалық шығарманың түріне сәйкес өздігінен ауыстыра отырып орындайды;
таныс емес музыкамен оның негізгі көңіл-күйін бере отырып, қимылдайды;
әндерді, билерді сахналайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет