Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Таным" білім беру саласы



бет29/44
Дата27.12.2022
өлшемі151,79 Kb.
#164661
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:


7-параграф. "Таным" білім беру саласы
133. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
134. Мақсаты математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру болып табылады.
135. Міндеттері:
жаратылыстану бойынша түсініктерін, тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;
табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру;
командада жұмыс істей білуге үйрету;
сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту;
табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерімен таныстыру;
эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін кеңейту;
тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
сыни ойлау дағдыларына тәрбиелеу.
8-параграф. І жартыжылдық
136. Математика негіздері.
Жиын:
1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.
Сан, санау:
1) 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды реті бойынша атауға және қорытынды санды атауға, "Барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі 2 қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;
2) теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес;
3) теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету;
4) 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, "Нешінші?", "Саны бойынша қайсысы?" сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту;
5) сандық топты белгілей отырып, 5-ке дейінгі сандармен таныстыру. Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.
Шама.
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;
2) биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;
3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану.
Геометриялық пішіндер:
1) балаларды геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету;
2) дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Кеңістікте бағдарлау.
Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар).
Уақытты бағдарлау.
Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;
теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие;
шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыра алады;
геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды;
кеңістікті және уақытты бағдарлай алады.
137. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;
2) сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;
3) үлгі бойынша құрастыру;
4) умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру, бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс бөлшектерін атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдаланады;
құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады;
биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді;
бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;
қағаздан көлемді пішіндерді жасай алады;
табиғи материалдардан түрлі заттар дайындайды; конструктордан құрылыс жасайды.
138. Жаратылыстану.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары:
өлі табиғат нысандары- су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту;
табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:
күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдіктер әлемі:
балалардың бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін байыту. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;
көкөністер мен жемістерді ажыратып, атау дағдыларын жетілдіру;
табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету;
балабақшаның ауласындағы және маңайдағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру;
қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.
Жануарлар әлемі:
үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалуы, күз мезгіліндегі (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы,) қоректену тәсілдері және қысқы дайындығы туралы білімдерін кеңейту.
табиғат бұрышындағы тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар туралы білімдерін қалыптастыру;
қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білулерін қалыптастыру;
табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өлі табиғат объектілерін атайды және ажыратады;
ауа-райындағы және табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;
үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды;
кейбір жабайы аңдардың түрлерін біледі және атайды;
4-5 ағаштың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді атайды және ажыратады;
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі;
қарапайым тәжірибеге қызығушылық пен әуестік танытады;
табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет