11-параграф. І жартыжылдық
70. Сурет салу:
1) балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;
2) сурет салу техникасын жетілдіру;
3) түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;
4) балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;
қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен);
түстерді ажыратады және дұрыс атайды;
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.
71. Мүсіндеу:
1) балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
3) техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;
сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;
жапсырудың қарапайым тәсілдерін меңгерген (бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);
бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.
72. Жапсыру.
Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;
2) фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;
орындалған жұмысқа қуанады.
73. Музыка.
Музыка тыңдау:
1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
2) әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;
3) жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.
Ән айту:
1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
2) әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);
3) музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;
4) қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
5) әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;
6) бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
7) жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;
8) мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл-күйін білдіреді;
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);
қимылдарды музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ және басқалары).
Достарыңызбен бөлісу: |