4-тарау. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
80. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
81. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
82. Міндеттері:
– қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;
– мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
– салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
– денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;
– жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;
– бірлескен қимылды ойындарға, өзара қарым-қатынастың жағымды ережелеріне баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |