Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-тарау. Ересектер тобы (4 жастан бастап)



бет36/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз

5-тарау. Ересектер тобы (4 жастан бастап)

1-параграф "Денсаулық" білім беру саласы

      119. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      120. Мақсаты баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып, қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу болып табылады.

      121. Міндеттері:

      балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

      дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;

      түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;

      дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,

      түрлі ұлттық қимылды ойындарды, жарыс сипатындағы ойындарды өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет