Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет44/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз

9-параграф. ІІ жартыжылдық

      139. Математика негіздері.

      Жиын:

      1) жиын сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру;

      2) жиындағы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтай білуді жетілдіру.

      Сан, санау:

      1) 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру;

      2) теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді жалпылай білуді дамыту;

      3) әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын жетілдіру (көру, есту, иіс сезу).

      Шама.

      Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.

      Геометриялық пішіндер.

      Геометриялық пішіндерді: дөңгелек, шаршы және үшбұрышты тану және атау, пішіндерді сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу.

      Кеңістікте бағдарлау.

      Өзінің дене бөліктерінің орналасуын бағдарлау дағдыларын бекіту, өзіне тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау.

      Уақытты бағдарлау.

      Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды, өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтай алады;

      жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады;

      қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатады.

      140. Құрастыру.

      Құрылыс материалдарынан құрастыру:

      1) құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу;

      2) құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру.

      Ұжымдық құрастыру біліктерін қалыптастыру.

      Келесі дағдыларды бекіту:

      1) құрылыс бөлшектерін атау және оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану;

      2) жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру;

      3) құрдастар арасында міндеттерді бөлісу;

      4) қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау;

      5) бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;

      6) әртүрлі "пластик" түріндегі үлгілер жасау;

      7) қағаздан "оригами" үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

      Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.

      Балаларды қалдық материалдардан бұйым жасауға баулу.

      Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану. Шығармашылық қиялдауды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.

      Конструктор бөліктерінен құрастыру.

      Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін жетілдіру.

      Күтілетін нәтижелер:

      заттарды атайды және ажыратады, олардың өлшемін, түсін, пішінін, жасалған материалын анықтайды;

      оларды топтастыра алады;

      құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;

      өзінің құрылыстарымен ойнайды.

      141. Жаратылыстану.

      Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары.

      Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру, тірі және өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту.

      Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:

      1) қыс, көктем, жаз мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту;

      2) табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру;

      3) көктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту.

      Өсімдіктер әлемі:

      1) балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекітуді жалғастыру, көкөністер мен жемістердің 6-7 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды ажыратып, атау;

      2) ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білуге үйрету.

      Келесі білімдерін қалыптастыру:

      1) өсімдіктер және олардың көктем мезгіліндегі тіршілігі туралы;

      2) шөптесін өсімдіктер (4-5 түрлері), жидектер, саңырауқұлақтар туралы;

      3) өсімдіктердің орманда, бақта, бауда, далада өсетіндері туралы;

      4) пияздың және шөптің бөлмедегі жағдайда өсуі туралы;

      5) өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау туралы.

      Жануарлар әлемі:

      1) үй және жабайы жануарлар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарлардың (түлкі, қасқыр, тиін) сыртқы белгілері мен әрекеттері туралы білімдерін бекіту.

      2) жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру.

      3) бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру (кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды):

      4) балалардың қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға баулу.

      Күтілетін нәтижелер:

      үй жануарлары мен жабайы жануарларды және олардың төлдерін, үй құстарын атайды;

      өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-өнуіне қажетті кейбір жағдайларды біледі;

      жәндіктерді атайды, олар туралы қарапайым түсініктерге ие;

      бауырымен жорғалаушыларды, олардың сыртқы құрылысын және қозғалу әдістерін біледі:

      тіршілік иелеріне аяушылық, жанашырлық танытады;

      табиғаттағы маусымдық өзгерістердің қарапайым байланыстарын орнатады;

      қарапайым зерттеуге қызығушылық пен әуестік танытады;

      табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды;

      табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет