Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет41/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз

6-параграф. II жартыжылдық

      130. Сөйлеуді дамыту.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру;

      2) дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру;

      3) тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.

      Сөздік қор:

      1) тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту;

      2) заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорына жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ендіру (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз)

      3) балалардың сөздік қорын тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық заттардың атауларымен байыту, олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру;

      4) мағынасы қарама-қарсы антоним сөздерді балалардың сөздік қорына енгізу, сөзге қызығушылықтарын дамыту;

      5) тәулік бөліктерін атауға үйрету (таңертең, күндіз, кеш, түн).

      Күтілетін нәтижелер:

      дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады;

      құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды;

      тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданады;

      жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастырады.

      131. Көркем әдебиет:

      1) оқу, әңгімелеу. Мазмұнды эмоционалды қабылдай білу, кейіпкерлерге жанашырлық таныта білу біліктерін, ертегіні баяндау ерекшелігін байқауды дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету;

      2) мәнерлеп оқу. Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.

      3) театрландырылған әрекет. Көркем әдебиет шығармалары бойынша сахналау дағдыларын дамыту.

      Коммуникативті-тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар:

      таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;

      ертегі желісін ретімен орындау;

      театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақ, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа);

      өзінің қимылын серіктесінің қимылымен үйлестіру;

      сахнада бағдарлау.

      Адамгершілік нормалары туралы түсінік:

      ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас;

      адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

      Күтілетін нәтижелер:

      көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай біледі;

      таныс ертегілердің мазмұнын айтып береді;

      таныс бірнеше шығармаларды атайды;

      ертегі желісін ретімен мазмұндайды және орындайды;

      театрландырылған әрекеттің түрлі жұмыс тәсілдерін меңгерген;

      өзінің қимылын серіктесінің қимылымен үйлестіреді;

      сахнада бағдарлайды;

      адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалайды;

      әңгімелерді тыңдайды, мазмұндап бере алады, өлеңдерді жатқа айтады;

      өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды айта алады;

      ойында әдеби бейнелерді қолданады.

      132. Орыс тілі.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      1) орыс тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

      2) дауыс және артикуляциялық аппаратты, сөйлеуде тыныс алу мен анық дикцияны дамыту дағдыларын жетілдіру.

      Сөздік қор:

      1) айналасындағы заттар, жануарлар, құстар, көкөністер мен жемістер, жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін кеңейту;

      2) орыс тілінде 5-ке дейін тура және кері санау дағдыларын жетілдіру;

      3) заттардың кейбір қасиеттерін: түсін, пішінін, белгілерін атау дағдыларын қалыптастыру;

      4) күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерді түсіну және қолдана білуді қалыптастыру.

      Тілдің грамматикалық құрылымы:

      1) 2-3 сөзден тұратын сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыруға үйрету;

      2) сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

      Байланыстырып сөйлеу.

      Қысқа сұрақтарға қарапайым сөйлемдермен жауап беруге үйрету. Сұрақтарға жауап беру кезінде орыс тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану дағдыларын бекіту. Қысқа шығармаларды, өлеңдерді тыңдауға, түсінуге және қайталап айтуға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      күнделікті өмірде және ойын кезінде педагогтің орыс тілінде айтқан сөздерін түсінеді;

      орыс тілінде 5-ке дейін тура және кері санай біледі;

      орыс тіліндегі ызың (ж, з, с, щ) және үнді (р, л) дыбыстарды дұрыс айтады;

      айналасындағы заттардың топтарын, олардың қасиеттерін, белгілерін, жыл мезгілдерін және жеке табиғат құбылыстарын атайды;

      сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет