Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары Білім беру ұйымы



бет12/23
Дата24.11.2022
өлшемі103,2 Kb.
#159673
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Перспектива 2022-2023 6 топ

Құрастыру

Мақсаты:
Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
Міндеттері:
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:
Жалпы адами нормалар мен ережелер және экологиялық білім негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға, бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге, айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіруге баулу.

Сурет салу

Мақсаты:
Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
Міндеттері:
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу.

Мүсіндеу 

Мақсаты:
Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
Міндеттері:
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет