Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары Білім беру ұйымы


Айы  Ұйымдастырылған іс-әрекет



бет11/23
Дата24.11.2022
өлшемі103,2 Kb.
#159673
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Перспектива 2022-2023 6 топ

Айы 

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қаңтар


Дене шынықтыру 

Мақсаты:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылықты арттыру, денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байыту, дене сапаларына және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.
Міндеттері:
Дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.

Көркем әдебиет 

Мақсаты:
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес
тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.

Математика негіздері

Мақсаты:
Математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Міндеттері:
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет