Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны Мектептегі биология пәнінің мұғалімі кл.тыс мерекелердің ұйымдастарылып өткізілуіне көп көңіл бөлу керек. Мұғалім әртүрлі биологиялық бағыттағы кештерді ұйымдасты- рады және дәстүрлі мерекелік шаралар-құстар,гүлдер,уражай,дәрілік өсімдіктер т.б.өткізілуін қадағалайды. Міне осындай кештерді өткізуде мұғалімнің алдында бұндай кл.тыс сабақтарды мазмұнды етіп қалай өткізу керек және мерекеге оқушыларды қалай тартуға болады деген сұрақтар туады. Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дәл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Мысалы жалпы мектепішілік демалыс күнгі тұқым және жемістерді жинау ұзақ дайындықты қажет етпейді.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мыс: тұқымы мен жемісі ең көп жерді табуға тапсырма беру,ол үшін конкурс жариялап топтар немесе звенолар арасында жарыс ұйымдастыралады.Ал керсінше Егін мерекесін(урожая) өткізу үшін оқушылар жыл бойы дайындалады. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушы- ның жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді.