6. Семинар (практикалық) сабақтардың әдістемелік нұсқаулары: 1 апта №1 практикалық жұмыс Тақырып: Биологиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың формасы мен түрлері.
Мақсаты: Биологиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың формасы мен түрлерін меңгеру.
Тапсырмалары: 1.Кластан тыс жұмыстардың жеке түрі.(ауызша)
2. Кластан тыс жұмыстардың жалпы түрі.(ауызша)
3. Кластан тыс жұмыстардың топтық түрі.(ауызша)
Кластан тыс жұмыстардың мазмұны оқу бағдарламасымен шектелмейді, оқушының қызығушылығына негізделе отырып сабақ бағдарламасынан тыс материалдарды да қамтиды. Кластан тыс жұмыста мұғалімнің қызығушылығы емес, оқушының қызығушылығы ескерілуі керек.(мыс:кейбір мұғалім гүл өсіруге қызығып, оқушыларды да осы бағытта жұмыстандырады) Биологиядан сабақтан тыс жұмысты, сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасы бойынша барлық класс оқушылары орындайды