Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: Бөлме өс-ін 10-11класта жалпы биологияны оқытуда кеңінен қолдануға болады. Тірі обьекті ретінде көптеген биологиялық заңдылықтарды түсіндіруде, бағдарлама бойынша зертханалық сабақтарды өткізуде, факторлардың шындығына көз жеткізу үшін маңызды және де оқушылардың білім сапасын көтеріп,практикалық білімі мен білігін қалыптастыра ды. Жоғарғы класс оқушыларының бөлме өсімдігіне деген білімінің тереңдігі оларда мате- риалистік дүниеге көз-қарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамы пайда болып, табиға тты қорғау керектігін жақсы түсінетін болады. Бірінші сабақта оқушылар «Зволюциялық ілім»тақырыбында швед натуралисі К.Линнеймен танысады. Мұғалім бөлме өсімдіктерінің бір қатарын таңдап, қосарлы номенклатура принципін түсіндіріп, тірі ағзаларды жүйелеуде бүгінгі таңға дейін сақталғанын айтады. Сабаққа мүмкіндік болса алғаш рет К.Линней сипа ттаған, Мыс: алоэ расписное, агава американская, иглица колючая, лавр благородный, аль- пийская фиалка т.б.алып келген жөн. «Дарвинизм»тақырыбын оқытуда өсімдіктерді дұрыс таңдай отырып,мұғалім биологиялық заңдылықтарды түсіндіреді. Бөлме өсімдігінің көме- гімен барлық тірі ағзаға тән қасиет- тұқымқуалаушылықты, ұрпақтан ұрпаққа түр белгілері қалай сақталғанын бақылау керек. Биология кабинетіндегі кез-келген бөлме өсімдігі арқы- лы тірі ағзаға тән екінші бір қасиет- өзгергіштікті, оның нәтижесінде популяцияның әр-түр лігі көрсетіледі.