Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: Кластан тыс жұмыстың негізгі бір түріне фитокомпозиция жатады. Сөзбе-сөз айтқанда фиоткомпозиция
гүлдесте. Гүлдерден әр түрлі гүлдесте жасау.Фитодизайн ежелден келе жатқан мен бізде 10-15 жылдың айналасында пайда болды. Өсімдіктерден құрылып жатқан шығармашылық туынды. Гүлдесте әр түрлі өсімдік бұтақтарын,жасыл жапырақтарын,жемістерін қолдана отырып жасалатын композиция. Гүлдердің адам өмірінде алатын орны ерекше. Гүлдестеннің сырт пішіні, көлемі, үйлесім тауып тұрған бояулары және аранжировкасы да белгілі бір заңдылықты орындағанда ғана шығады. Адамға фитокомпозиция көлемдігі емес, экзотикалық әдемі гүлдер түрлерінің жиынтығы емес, оның үйлесушілік бітімі үлкен болады.Фитопом. бірнеше стилде жасауға болады. Көлемді стиль-өзінің атана байланысты көлемді болады.Бұл стилде форма құрайтын негізгі қаңқа болады да оны толықтыратын көмекші құрал болады.
Бидермейер стилі-дөңгелек ыдысқа қойылатын дөңгелектеніп жасалатын композиция. Қойылатын гүлдер басы бір биіктікте дөңгелене қойылады да, сыртқы жиегі жасыл жапырақтармен көмкеріледі. Икебана – «гүлдерге жан бітіру» деген мағына білдіреді.Ол негізінен үш бағытта болады. Икебана стилі рикка, нагейра, морибана болып бөлінеді.