Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет48/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Экологиялық экспедиция-бұл экологиялық білім беру мақсатында,экологиялық тақырыпта материалдар мен объектілерді демонстрациялаудың арнаулы жеке формасы. Экологиялық экспедицяға табиғат мұражайы,жеке өлкетану мұражайы, ботаникалық және зоологиялық бақшалар,ұлттық парктер мен қорықтар жатады.Экологиялық экспозицияға адамдар жақсы көңіл күймен,өз еріктерімен барып,экологиялық хабарлар алып жақсы демалады. Бұндай ұжымдар кенеттен туатын экологиялық проблеманы тез қабылдап шара қолдана алады. .Экологиялық экспозицияны мұражайда қалаптастыруға келесі қалыптасқан жағдайлар қажет болады.1).Көлемі үлкен флористикалық,фауналық,және гео-минералдық материалдарды демонстрациялау,аралас ғылыми систематика принципіне негізделген.2)Жануарлар және өсімдіктердің биоценоздық бірлестігі принципінде, экологиялық сипаттағы ғылыми экспозиция құру.3)Жергілікті жердің қорғау аймағы туралы хабар,қорғауға алынған геологиялық объектілер,жануарлар,өсімдіктерді демонстрациялау. 4)Ағза деңгейінде, популяция ,бірлестік, экожүйе , биосфера жалпы бүгінгі таңдағы экологиялық ғылымға бағытталған проблемалық экспозиция.
5).Рациональды табиғатты пайдалану принципіне негізделген,«Табиғатты қорғау» тақырыбындағы экспозиция.Бұндай экспозиция 4 бөлімнен тұрады:экологиялық және социальдық аспектілерде табиғатты қорғаудың жалпы проблемалары;табиғат ресурстарын аймақтық және глобальды деңгейде пайдалану;табиғатты қорғаудағы жергілікті жер проблемасы;халықаралық және дүниежүзілік деңгейде табиғатты қорғау. Музей жанынан зоологиялық,ботаникалық,геологиялық үйірмелер құрылады.Экскурсияны музей қызметкері жүргізеді.Музейге келместен бұрын класта мақсат қойа отырып,жоспар жасалынуы керек.Экскурсияның маршруты ойланылуы керек,бір жерге 2-3рет оралмау үшін.Экспонатқа толықтай анализ беру қажет емес.Оқушылардың бақылауын арттырып,проблемалық сұрақтарға жауап беру маңызды.Музейдегі экскурсия ұзақтығы орта класс үшін 1-2сағат,жоғарғы классқа 1,5сағат. Экологиялық білім әр-түрлі эк-қ клубтарда жақсы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет