12 апта №12 практикалық жұмыс Тақырып: Биология апталығы.
Мақсаты: Биология апталығын ұйымдастыру әдістемесін студенттерге меңгерту.
Тапсырмалары: 1. Биология апталығын жоспарлау және ұйымдастыру.(ауызша)
2. Биология апталығының жоспарын құру және өткізу.
Мектепте өткізілетін биологияляқ апталықтытарға биологдан өткізілетін олимпиада жатады. Биологиядан мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты-ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың ғылыми әрекетке деген қызығушылығын дамыту болса, міндеті-спецкурстардың жұмысын, үйірмеоқушылардың ғылыми бірлестігі, басқа да оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын жүргізу, ұйымдастыру. Бұнда негізгі көңіл бөлінеді, талантты және қабілетті оқушыларға болашақта интелектуалдылығын дамыту үшін қалыпты жағдай туғызу. Олимпиада ғылым, білім министірлігінің бұйрығымен бекітілген ұлттық мемлекеттік статусқа ие. Олимпиаданың түп тамыры 30 жылдары , жас натуралистер үйірмесінің негізгі қозғалысы нәтижесінде пайда болған. Сондықтан алғашқы кезде олимпиада натуралистердің үйірме жұмысының қорытындысы ретінде өткізілді. Ол кездегі олимпиада қазіргі кездегі оглимпиадан алыс еді. Биологиялық олимпиаданың «жаңа ғасыры» 1951 жылы басталды.Бүгінге дейін сол бағытта өткізіліп келеді. 1тур жазбаша (теориялық) және 2 тур ауызша (практикалық). 1995 жылдан бастап олимпиада бес бағытта өткізілді. Бірінші-мектептік; екінші-аудандық, қалалық; үшінші-олыстық, өлкелік; төртінші-республикалық; бесінші-халықаралық.