Методикалық нұсқау: өсімдіктердің көбеюі кестесін пайдалану.
Сұрақтар: 1.Тұқымен көбейетін қандай бөлме өсімдіктерін білесің.
2. Вегетативті көбею дегеніміз не және оның маңызы неде.
3. Бөлме өсімдіктерін мектепте кластан тыс жұмыстарға қалай пайдаланасың.
Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.
2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г. 86-88бет.
9 апта №9 практикалық жұмыс Тақырып: Экологиялық соқпақ.
Мақсаты: Экологиялық соқпақ туралы түсінік беру.
Тапсырмалары: 1. Экологиялық соқпақ туралы түсінік.
2. Экологиялық соқпақта кластан тыс шараларды өткізу.
Оқу процесінде экологиялық соқпақты ұйымдастыру басты роль атқарады. Ұйымдастыру процесінде соқпақ негізгі тәрбиеге байланысты экологиялық маңызды орын алады. Экологиялық соқпақтың міндеті жастарды тарту болып табылады. Экологиялық соқпақты ұйымдастыруға оқушылар, ғалымдар, журналистер т.б.лидерлер болады. Экологиялық соқпақ жаз және күз айларында ұйымдастырылады. Эко.соқпақ бойынша мектеп оқушыларына және басқа қала мектеп оқушыларына топсеруен ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары өз қолдарымен эко.соқпақ құра алады. Экологиялық соқпақ туралы хабар адамның назарын аударады. Негізгі экологиялық соқпақ құжаты болу керек. Ол құжат оны ұйымдастыру үшін заңды құжат болып табылады. Бұл құжатты жер қоры мекемесі береді.