Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар



бет63/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
Методикалық нұсқау: Дәріс материалын және оқулықтарды пайдалана отырып жазу.
Сұрақтар: 1. Бөлме өсімдіктерін сабақта морфо-анатомиялық бағытта қалай қолданылады.
2. Бөлме өсімдіктерін сабақта физиологиялық бағытта қалай қолданылады.
Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.
2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.3-8, 12-44.
8 апта
8 практикалық жұмыс
Тақырып: Бөлме өсімдіктерінің көбеюі.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің көбеюі туралы түсінік бере отырып, олардың оқу процесіндегі орнын анықтау.
Тапсырмалары: 1.Бөлме өсімдіктерінің тұқыммен көбеюі.
2. Бөлме өсімдіктерінің вегетативті көбеюі.
Тірі ағзалардың көбеюін оқуда бөлме өсімдіктері әртүрлі вегетативті көбею жолдарын демонстрациялауда негізгі обьекті болып табылады. Ұрықта- нудың процесінің биологиялық маңызын түсіну үшін оқушылар биология кабинетінде жасанды жолмен бөлме өсімдіктерінде жемістің түзілуі тәрізді тәжірибелерді қарауға болады. Мутациялық тұқымқуалайтын өзгергіштікті бір түрге жататын бөлме өсімдіктері- нің жапырақ тақтасының әртүрлі түстерінен демонстрациялайды. «­Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалар селекциясы»тақырыбы бойынша мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын түсіну үшін де бөлме өсімдіктерін пайдалануға болады. Мектеп жағдайында бөлме өсімдік терінің гибридизациясын гүлдері ірі фукс, амариллис сияқты өсімдіктерді алған ыңғайлы. Мүмкіндігінше ата-ана жұптары бір-бірінен белгілері бойынша ажыратылған дұрыс.Гибри дизацияға 2-3жақсы дамыған бутонды алу керек. Ұрықтандыруға аналық және аталық ұрықтар толық пісіп жетілгенде алу керек Тәжірибені жасай отырып, жоғары класс оқушы- лары гибридизация селекциялық жұмыста басты фактор екендігін түсінеді. Сабақтан басқа жоғарғы класс оқушыларын бүгінгі күні кең тараған молекулярлық генетика бағытында кл.тыс жұмыс ретінде үйірме ұйымдастыруға болады. Молекулярлық генетика- ағзадағы тұқымқуалайтын белгілердің ұрпаққа сақталып берілу механизімі туралы ғылым. Молеку- лярлық биология мен генетика бөлімін 10 класта оқиды, бірақ бағдарламаға барлық мате- риалдар жинақталмаған. Жоғарғы кластарда ұйымдастырылған үйірменің негізгі міндетіне жатады: Оқушыларды соңғы ғылым жетістігі-молекулярлық генетикамен таныстару; оқушылардың эксперименталды зерттеуге қызығушылығын арттыру; үйірме мүшелерін ғылыми әдебиеттермен білімді жұмыс істеуге үйрету.Үйірмені теориялық тұрғыда да өткізуге болады.Үйірменің теориялық сабақтарының негізгі формасы-дәріс және әңгімеле- су. Юннаттардың қорытынды есептері реферат және баяндама түрінде болады.Үздік рефе-раттар төменгі класс үйірмесіне қолдануға болады. Үйірме сабақтарын мына бағытта алуға болады: 1. Кіріспе сабағы. Бұнда молекулярлық генетика туралы айтылып, жылдық үйірме жоспары құрылады. 2. Генетика ғылымының дамуы. 3. Генетикалық анализ әдістері. Мендель тәжірибелері жасалады. 4. Гендердің өзара әсері. 5. Жоғары сатылы ағзалардың мутациясы. 6.Цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. 7. Жыныс генетикасы. 8. Медициналық генетика. 9.Популяция генетикасы. 10. Топсеруен және ғалымдармен кездесу. 11. Қортын- ды сабақ. Міне осы бағытта жұмыстар жүргізіп, оқушылардың генетикаға деген білімдерін одан әрі кеңейтуге болады. Оқушылардың қызығушылығына қарай бұл жұмыстарды 11 класта одан әрі жалғастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет