Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар



бет3/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#10905
1   2   3   4   5   6

4 апта

4 Дәріс



Тақырып: Биологиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың жалпы түрі.

1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жалпы түріне сипаттама.

2. Жалпы кластан тыс жұмыстардың құрылымы.

Дәріс мақсаты: Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жалпы түріне сипаттама беру.

Ұғымдар: жеке форма, топтық форма, жалпы форма.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Мектептегі кл.тыс жұмыстардың бірі жалпы формасы. Жалпы формаға - көптеген оқушылардың жиынтығымен жүргізілетін жұмыс түрлері жатады. Олар көптеген тәрбиелік бағыттағы, қоғамдық-пайдалы бағыттағы жұмыстар. Жалпы жұмыс натуралистік бағытта биология мұғалімінің ұсынысымен ұйымдастырылады.Жалпы кл.тыс жұмысқа бірнеше кластың, бүкіл мектептің оқушылары тартылады.Барлық жалпы кл.тыс жұмыстар қоғамға пайдалы бағыттағы сипатқа тән. Көбіне мектепте мынадай шаралар ұйымдастыр ылады: Құстар күні,Бақша апталығы,Орман апталығы, бұлар орман жануарларына ағаштар мен бұталардың тұқымдарын жинау,құстар үшін қысқа азық жинау,ағаштар отырғызу,ауылшаруашылығы зиян кестерімен күрес,жас балық шабақтарын күту,дәрілік өсімдіктерді жинау, атақты биолог-оқымыстыларға арналған кештер,КВН,биологиялық конференциялар,олимпиадалар жатады. Жоғарда аталған барлық формалар мен кл.тыс жұмыс түрлерінің барлығы өзара байланысты және бір-бірін толықтарып отырады. Араларындағы байланыстың дамуынан белгілі педагогикалық заңдылық байқалады. Тірі ағзалармен жұмысқа деген қызығушылық жұмыс барысында пайда болады.Мектепт дұрыс жолға қойылған кл.тыс жұмыс барлық форманы қамтиды. Жалпы форма жеке, топтық формалармен байланыссыз жүзеге асырыла алмайды.Бүгінде барлық формалар тарлған. Мектепте бір ай бұрын өткізілетін шара туралы хабарландыру жазылып, барлық мектеп оқушыларын белсенді қатысуға шақырады. Биологиялық кештердің көбі қоғам дық пайдалы жұмыстарды қортындылауға арналады.Әрбір мектептік жалпы кл.тыс жұмыстың алдында үйірмеге қатысушылар жұмыстың мазмұнын және көлемін анықтай- ды, керекті инструктажды алады, қажетті білім мен білікті қалыптастырады, кейін барлық оқушыларды таныстырады. Мыс:тұқым мен жемістерді жинау керек болса, алдын ала оларды қайдан жинау керектігін білу үшін, оқушы соған сәйкес ағаш немесе бұталармен танысады, тұқым немесе жемістерінің сыртқы құрлысымен, оларды жинау сақтауға байланысты арнайы бюллетен шығарады. Мектептегі кейбір қоғамдық жалпы жұмыстар жыл бойына жүргізіледі. Ол жұмыстардың өзіндік ерекшелігіне байланысты.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мектептегі кластан тыс жұмыстардың жалпы түріне сипаттама бер.

2. Жалпы кластан тыс жұмыстардың құрылымы дегеніміз не.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.17, таблица-5.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г.

5 апта

5 Дәріс



Тақырып: Биологиядан мектеп ішілік және мектеп аралық шаралар.

1. Биологияны оқытудағы мектеп ішілік және мектеп аралық шаралардың маңызы.

2. Мектеп ішілік және мектеп аралық шараларға дайындақ және оны өткізу.

Дәріс мақсаты: Биологиядан мектеп ішілік және мектеп аралық шараларға сипаттама беру.

Шараларды өткізу әдістемесімен таныстыру.



Ұғымдар:мектеп ішілік, мектеп аралық.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Мектептегі биология пәнінің мұғалімі кл.тыс мерекелердің ұйымдастарылып өткізілуіне көп көңіл бөлу керек. Мұғалім әртүрлі биологиялық бағыттағы кештерді ұйымдасты- рады және дәстүрлі мерекелік шаралар-құстар,гүлдер,уражай,дәрілік өсімдіктер т.б.өткізілуін қадағалайды. Міне осындай кештерді өткізуде мұғалімнің алдында бұндай кл.тыс сабақтарды мазмұнды етіп қалай өткізу керек және мерекеге оқушыларды қалай тартуға болады деген сұрақтар туады. Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дәл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Мысалы жалпы мектепішілік демалыс күнгі тұқым және жемістерді жинау ұзақ дайындықты қажет етпейді.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мыс: тұқымы мен жемісі ең көп жерді табуға тапсырма беру,ол үшін конкурс жариялап топтар немесе звенолар арасында жарыс ұйымдастыралады.Ал керсінше Егін мерекесін(урожая) өткізу үшін оқушылар жыл бойы дайындалады. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушы- ның жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді. Оқушылар жылдық бақылауларын күнделікке жызып жүреді.Егер мүмкіндік болса фото- суретке түсіріп,суреттерін салып,егіске есеп жүргізіп,көрмеде демонстрациялауға болады Дәстүрлі түрдегі мереке құрылымы:

1. Мерекенің салтанатты ашылуы және қатысушыларды құттықтау.

2. Аудан мектеп ұжымының жетістігі туралы қысқа хабарлама.

3. Аудандағы мектеп юннаттарының жасаған жұмыстары туралы бұйрықтарын тапсыру.

4. Аудандағы мектеп көрмелерін тексеру.(әрбір мектеп өсімдіктер экспонаты бар стенды көрсетеді) Мерекелік концерт, карнавал.(мектеп мереке тақырыбына байланысты бірнеше номерлермен шығады)

6. Үздік қатысушыларды іріктеу.(іріктеуді арнайы комиссия жүргізеді, олар көрмені тексереді, жүргізілген жұмыстарының бұйрықтарын тексереді және әдеби өзіндік іс- әрекеттері тексеріледі)

Бұндай шараларға ғылыми зерттеу орталығынан және мәдени өсімдіктер өндіруде еңбек еткен басқа да сыйлы қонақтар шақырылады. Олардың кеңестерін, ұсыныстарын оқушы- лар ерекше қабылдайды.Бұндай мерекнің өзі-бұл еңбек гимні, жасұрпақ өмірін мағыналы және көңілді етеді. Оқушылардың көңіл күйі қалмау үшін жылда мерекні өзгертіп түрлен діріп өткізу керек. Юннаттар мерекесін күзде және көктемде оқу жылының аяғында да өткізуге болады. Олар мектептік, аудандық немесе қалалық болуы мүмкін. Биолог мұғалім мен ұйымдастыру комитеті мерекенің тақырыбын және өткізу жоспарын құрады.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Биологияны оқытудағы мектеп ішілік және мектеп аралық шаралардың маңызы.

2. Мектеп ішілік және мектеп аралық шараларға дайындақ және оны өткізуді мәлімде.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.17, таблица-5.

4. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» стр.15-45.

6 апта

6 Дәріс



Тақырып: Биологиядан жүргізілетін үйірмелерді жоспарлау және ұйымдастыру.

1. Жаратылыстану курсын оқытудағы биологиялық үйірмелердің маңызы.

2. Биологиядан жүргізілетін үйірменің жылдық жоспарын жоспарлау және құру.

Дәріс мақсаты: Биологиядан жүргізілетін үйірмелерді жоспарлау және ұйымдастыруды

студенттерге меңгерту.



Ұғымдар:үйірме, юннат мүшелері, жас натуралистер.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Жаратылыстану курсын оқытуда үйірмелердің маңызы зор. Мектептегі жас натуралистер үйірмелері әр түрлі бағытта ұйымдастырылады.Бір мектептерде үйірмеге бұрын кл.тыс жұмысқа жеке немесе топпен қатысып жүрген оқушылар қатысса, екінші мектеп бұрын қатыспаған оқушыларды құрайды. Үйірме жұмысы жақсы ұйымдасқан табиғатқа немесе малшаруашылығы бар ауылдарға топсеруеннен тұруы мүмкін, оны мұғалім жас үйірмені ұйымдастыру барысында оқушылардың қызығушылығына қарайды. Оқушылардың үйірмеге қызығушылығы көбіне қандайда бір жаппай кл.тыс мереке өткеннен кейін пайда болады. Жас натуралистер үйірмесі-мектеп оқушыларының еркімен қатысатын ұйымы. Бірақта оған кірер алдында белгілі бір тәртіпті(устав) сақтау керек.Ондай тәртіп алдын ала жасалып,бірінші күннен бастап жас юннаттар қолданады.Бұндай юннаттардың құжаттарының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін.Мысал ретінде жануартану үйірмесінің уставын келтірейік: 1. Жас жануартану үйірмесінің мүшесі жануар өміріне қызығатын және үйірме уставын мойындайтын әр бір оқушы бола алады. Үйірме жетекшісіне оқушы өз атынан өтініш білдіреді. 2. Әр бір үйірме мүшесі міндетті: а)тірі табиғат бұрышындағы қандайда бір болмасын жануарды күту,оған тәжірибе қою және бақылау немесе жануарды табиғатта бақылау; б)бақылау күнделігін жүргізу керек; в)екі аптада аз дегенде бір рет өткізілетін үйірме сабағына қатысу керек; г)жас юннаттар газетін шығаруға активті мүше ретінде қатысу; д)тиянақты және өз қалауымен тірі табиғат бұрышымен дос болу; е)үйірме жұмысына басқа оқушыларды тарту. 3. Шынайы достық,жақсы жазылған бақылау,баяндама, газет және басқа да пайдалы юннат жұмыстары дәптерге енгізіледі. Жылына бірнеше рет жұмыс қорытындысы жасалады. 4. Уставты орындамаған оқушылар жалпы үйірме жиналысында аталып,шығарылады. Үйірмені жаңа мүшелермен толықтыру негізінде оқу жылының басында жүргізіледі. Сонымен қатар басқа уақытта да оқушылар үйірме құрамына кіре алады. Болашақ юннат үйірменің уставымен танысу керек.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жаратылыстану курсын оқытудағы биологиялық үйірмелердің маңызы көрсет.

2. Биологиядан жүргізілетін үйірменің жылдық жоспарын жоспарлау және құру туралы .

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.стр.77-81.

2. М.И.Панкина «Молодому учителю биологии» г.Уральск, 1998г.

3. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.9

7 апта

7 Дәріс



Тақырып:Мектептегі бөлме өсімдіктерімен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен әдістемесі.

1. Бөлме өсімдіктерінің биология сабағындағы орны.

2. Өсімдіктану курсын оқытуда бөлме өсімдіктерін қолдану.

Дәріс мақсаты: Мектептегі бөлме өсімдіктерімен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен әдістемесін студенттерге меңгерту.

Ұғымдар:спецификалық.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Биология тіршілік туралы ғылым, сондықтанда мұғалімнің міндеті-мектеп оқушысына биологияны тірі табиғат құмиясын ашатын және танып білетін курс ретінде қабылдауға көмектесу. Әр бір мұғалім сабағының тек қызықты өтуін ғана емес,оқушылардың ақыл- ойының, шығармашылық жағынан дамуытуға талпынады. Ал, оған жету үшін оқушылар дың өзіндік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру керек. Биологиядан кл.тыс жұмыстардың өзіндік ерекшелігі (спецификалық)табиғи көрнекіліктерді кеңінен қолдану және тірі ағзаларға тәжірбие қойып оны бақылау. Табиғи обьектілерді орнымен дұрыс қолдану мектептегі оқу-тәрбие процесін дұрыс жүзеге асырады. Биологиядан кл.тыс жұмыстарға бөлме өсімдіктері демонстрация материалы ретінде, тәжірбие қоюға және өсімдіктер курсының барлық практикалық сабақтарында, жалпы биология,жануартану, анатомия т.б.курстардың кейбір сұрақтарын шешуде қолданылады. Сабақ мезгілінде ұзақ бақылау қажет ететін жұмыстар кл.тыс жұмыстарда орындалады. Бөлме өсімдіктері кл.тыс жұмыс тарды ұйымдастыруда мектеп бағдарламасымен шектелуге болмайды. Бөлме өсімдіктері мен жұмыстың мазмұны мұғалім мен оқушы бірлесе отырып құрады. Бөлме өсімдіктері мен жұмыс көптеген оқушылардың қызығушылығын туғызады. Мұғалім жеке оқушылар дың ерекшеліктерін ескере отырып, биологиялық білімдерін тереңдетеді.Бөлме өсімдіктер імен жұмыста оқушылар оларды отырғызу,күтуді меңгеріп, еңбек біліктіліктерін арттыра- ды. Бұл оқушылардың болашақ өмірлерінде,күнделікті тұрмыс жағдайында да қажет. Бөлме өсімдіктері адам өміріндегі тірі табиғаттың кішкене ғана бөлігі. Егер, оқушылардың бөлме өсімдіктерін өсіруге қызығушылығы пайда болса, міндетті түрде өсімдіктердің шығуы туралы,тіршілік ортасы, өсімдік өсіру үшін бөлме қандай болу керек т.б.сұрақтар ды білуге құштарлықтары болады. Мұғалім міндеті-оқушылардың құштарлықтарын қолданып бұл сұрақтарға қандай оқулықтардан жауап алуға болатындығын айту керек.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Бөлме өсімдіктерінің биология сабағындағы орны қандай.

2. Өсімдіктану курсын оқытуда бөлме өсімдіктерін қандай сабақтарда қолданады.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.3-8, 12-44.



8 апта

8 Дәріс



Тақырып: Жалпы биология курсын оқытудағы бөлме өсімдіктерінің орны.

1. «Эволюциялық теория» бөлімін оқытуда бөлме өсімдіктерін қолдану.

2. «Селекция», «Генетика» бөлімдерін оқытуда бөлме өсімдіктерін қолдану.

Әдебиет:Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.стр.44-77



Дәріс мақсаты: Жалпы биология курсын оқытудағы бөлме өсімдіктерінің орны, оларды

сабақта қолдану әдәстемесін меңгерту.



Ұғымдар:этикалық, эстетикалық.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Бөлме өс-ін 10-11класта жалпы биологияны оқытуда кеңінен қолдануға болады. Тірі обьекті ретінде көптеген биологиялық заңдылықтарды түсіндіруде, бағдарлама бойынша зертханалық сабақтарды өткізуде, факторлардың шындығына көз жеткізу үшін маңызды және де оқушылардың білім сапасын көтеріп,практикалық білімі мен білігін қалыптастыра ды. Жоғарғы класс оқушыларының бөлме өсімдігіне деген білімінің тереңдігі оларда мате- риалистік дүниеге көз-қарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамы пайда болып, табиға тты қорғау керектігін жақсы түсінетін болады. Бірінші сабақта оқушылар «Зволюциялық ілім»тақырыбында швед натуралисі К.Линнеймен танысады. Мұғалім бөлме өсімдіктерінің бір қатарын таңдап, қосарлы номенклатура принципін түсіндіріп, тірі ағзаларды жүйелеуде бүгінгі таңға дейін сақталғанын айтады. Сабаққа мүмкіндік болса алғаш рет К.Линней сипа ттаған, Мыс: алоэ расписное, агава американская, иглица колючая, лавр благородный, аль- пийская фиалка т.б.алып келген жөн. «Дарвинизм»тақырыбын оқытуда өсімдіктерді дұрыс таңдай отырып,мұғалім биологиялық заңдылықтарды түсіндіреді. Бөлме өсімдігінің көме- гімен барлық тірі ағзаға тән қасиет- тұқымқуалаушылықты, ұрпақтан ұрпаққа түр белгілері қалай сақталғанын бақылау керек. Биология кабинетіндегі кез-келген бөлме өсімдігі арқы- лы тірі ағзаға тән екінші бір қасиет- өзгергіштікті, оның нәтижесінде популяцияның әр-түр лігі көрсетіледі.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. «Эволюциялық теория» бөлімін оқытуда бөлме өсімдіктерін қандай сабақта қолданыды.

2. «Селекция»,«Генетика» бөлімдерін оқытуда бөлме өсімдіктерін қандай сабақта қолдану.

Әдебиеттер: 1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. Н.И.Клинковская «Комнатые растения в школе» М, «Прос..»1986г.



9 апта

9 Дәріс



Тақырып:Оқу процесіндегі экологиялық соқпақ.

1. Экологиялық соқпақтың мақсат, міндеттері.

2. Экологиялық соқпақты ұйымдастыру.

3. Экологиялық соқпақтың құралдары.



Дәріс мақсаты: Оқу процесіндегі экологиялық соқпақ туралы түсінік қалыптастыру.

Ұғымдар: экологшиялық соқпақ.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны :

Экологиялық соқпақ-бұл адамдарды қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретіп, табиғатты қорғау мәселелерімен айналысуы үшін жүргізілетін оқыту және насихаттау жұмыстарының жоғары дәрежеде ұйымдасқан маршруттың әр түрлілігі.

Оқу процесінде экологиялық соқпақты ұйымдастыру басты роль атқарады. Ұйымдастыру процесінде соқпақ негізгі тәрбиеге байланысты экологиялық маңызды орын алады. Экологиялық соқпақтың міндеті жастарды тарту болып табылады. Экологиялық соқпақты ұйымдастыруға оқушылар, ғалымдар, журналистер т.б.лидерлер болады. Экологиялық соқпақ жаз және күз айларында ұйымдастырылады. Эко.соқпақ бойынша мектеп оқушыларына және басқа қала мектеп оқушыларына топсеруен ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары өз қолдарымен эко.соқпақ құра алады. Экологиялық соқпақ туралы хабар адамның назарын аударады. Негізгі экологиялық соқпақ құжаты болу керек. Ол құжат оны ұйымдастыру үшін заңды құжат болып табылады. Бұл құжатты жер қоры мекемесі береді.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. Экологиялық соқпақтың мақсат, міндеттерін ата.

2. Экологиялық соқпақты кім ұйымдастырады.

3. Экологиялық соқпақтың құралдарын ата.



Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение» 1974г.

2. А.Н.Захлебный «Экологическое образование школьников во внеклассной работе» М,

«Просвещение» 1974г. стр.66.

3. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внеклассную работу по биологии» М, 1979г



10 апта

10 Дәріс



Тақырып:Кластан тыс жұмыстарды жүргізудегі фенологиялық бақылаудың орны.

1.Фенологиялық бақылауды ұйымдастыру.

2. Бақылау күнделігі.

Дәріс мақсаты Кластан тыс жұмыстарды жүргізудегі фенологиялық бақылау туралы түсінік беру.Фенологиялық бақылау жүргізуге үйрету.

Ұғымдар:фенологиялық бақылау, бақылау күнделігі.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

Тірі табиғаттағы обьектілерге жүйелі түрде фенологиялық бақылауды ұйымдастыру, оқу- шылардың маңызды мағұлымат жинауына мүмкіндік береді.Мұғалім табиғатқа бақылауды ұйымдастарады және ауа-райы күнтізбесін құрады, ол 1 кластан басталады. Төменгі класс бағдарламасы табиғат күнтізбесін талап етеді.Мысалы:1-2 класқа жыл мезгілін анықтау, жинаған жапырақтар мен жемістерді жапсыру, жаңбырлы немесе ашық күнді сипаттау т.б. тапсырмаларды беруге болады. Ал,3-4класс бақылауы мен безендіруі күрделірек. Оқушы- ларғы температураны анықтатып қана қоймай, желдің бағытын және құстардың ұшып келуін немесе ұшып кетуі сияқты тапсырмалар беріледі. Яғни, төменгі класс оқушылары жоғары класқа көшерде табиғатқа бақылау жасау туралы белгілі бір түсініктері болады. Биология мұғалімі жоғарғы класс оқушыларына күрделі тәжірибе мен бақылау жұмыстар- ын тапсыра алады.Ол үшін нақты табиғат обьектісін таңдап,оған ұзақ уақытты бақылау жасайды. Мыс: алма ағашын бақылауда бүрінің ісінуін, гүл бүршігінің ашылуын, өркенде- гі жапырағын, алғашқы гүлдеуін, тұтастай гүлдеуін, жемісінің түзілуін т.б.анықтайды. Бұндай жұмысты оқушылар мектептің оқу-тәжірибе аймағында өткізеді. Басқа жұмыс түрлері сияқты, фенологиялық бақылауды да дәл жоспарлау керек,яғни нені бақылаймын, бақылау нәтижесі не болады. Бірінші тақырыпты және бақылау обьектісін анықтау керек.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1.Фенологиялық бақылауды ұйымдастырудың маңызы неде.

2. Бақылау күнделігін не үшін жүргізеді.

Әдебиет: Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внекл. раб.по биологии» (стр.56)

А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Прос..» 1974г.(стр.21)



11 апта

11 Дәріс



Тақырып: Мектептегі кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы биологиялық әдебиеттердің орны.

1. Биологиялық әдебиеттердің кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы маңызы.

2. Реферат, баяндама т.б. хабарламалар даярлауда әдебиеттерді қолдану әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Мектептегі кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы биологиялық әдебиеттердің орны және оларды қолдану әдістемесімен таныстыру.

Ұғымдар: реферат, баяндама, танымал әдебиеттер.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

Мектептегі биология пәнінің мұғалімі кл.тыс мерекелердің ұйымдастарылып өткізілуіне көп көңіл бөлу керек. Мұғалім әртүрлі биологиялық бағыттағы кештерді ұйымдасты- рады және дәстүрлі мерекелік шаралар-құстар,гүлдер,уражай,дәрілік өсімдіктер т.б.өткізілуін қадағалайды. Міне осындай кештерді өткізуде мұғалімнің алдында бұндай кл.тыс сабақтарды мазмұнды етіп қалай өткізу керек және мерекеге оқушыларды қалай тартуға болады деген сұрақтар туады. Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дәл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Мысалы жалпы мектепішілік демалыс күнгі тұқым және жемістерді жинау ұзақ дайындықты қажет етпейді.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мыс: тұқымы мен жемісі ең көп жерді табуға тапсырма беру,ол үшін конкурс жариялап топтар немесе звенолар арасында жарыс ұйымдастыралады.Ал керсінше Егін мерекесін(урожая) өткізу үшін оқушылар жыл бойы дайындалады. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушы- ның жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1. Биологиялық әдебиеттердің кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы маңызы қандай.

2. Реферат, баяндама т.б. хабарламалар даярлауда әдебиеттерді қолдану әдістемесін түсіндір.

Әдебиет: 1. А.Н.Захлебный «Эко.обр. школьников во внекл. работе» стр.83.

2. Д.И.Трайтак «Как сделать интересной внекл.раб. по биологии» стр.101.

12 Дәріс

Тақырып: Мектепте биологиядан олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу.

1. Мектептік олимпиаданың мақсат, міндеттері.

2. Олимпиада турларының ерекшкліктері.

Әдебиет: «Биология в школе» журналы, №6 1996ж.



Дәріс мақсаты: Мектепте биологиядан олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу әдістемесімен студенттерді таныстару.

Ұғымдар: олимпиада турлары.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны :

Мектепте биологиядан олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу биология пәні мұғаліміне жүктедледі.

Мектепте биологиядан олимпиада аудандық, облыстық, қалалық, республикалық болады.Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дәл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Мысалы жалпы мектепішілік демалыс күнгі тұқым және жемістерді жинау ұзақ дайындықты қажет етпейді.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мыс: тұқымы мен жемісі ең көп жерді табуға тапсырма беру,ол үшін конкурс жариялап топтар немесе звенолар арасында жарыс ұйымдастыралады.Ал керсінше Егін мерекесін(урожая) өткізу үшін оқушылар жыл бойы дайындалады. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушы- ның жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді. Оқушылар жылдық бақылауларын күнделікке жызып жүреді.Егер мүмкіндік болса фото- суретке түсіріп,суреттерін салып,егіске есеп жүргізіп,көрмеде демонстрациялауға болады

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мектептік олимпиаданың мақсат, міндеттері қандай.

2. Олимпиада турларының ерекшкліктері неде.

Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение».

2. К.Н.Задорожный «Предметная неделя биологии в школе» Ростов-на-Дону «Феникс»

3. «Биология в школе» журналы, №3, 1991ж.

13 апта

13 Дәріс



Тақырып: Мектеп аймағын жабдықтау.

1. Мектеп жылыжайын жоспарлау және онда жұмысты ұйымдастыру.

2. Мектеп аймағында бау-бақшаны құрастыру.

Әдебиет: «Биология в школе» журналы, №6 1988ж.бет 57. №4 1990ж.бет 61-62.



Дәріс мақсаты: Мектеп аймағын жабдықтаудың негізгі бағыттары мен жолдарын меңгеру.

Ұғымдар: аймақ, бөлім, учаске, үлес.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны :

Мектеп аймағын жабдықтауда бөлме өсімдіктерін кеңінен қолданылады. Өздерінің көп түрлігіне байланысты морфологиялық тақырыпта және өсімдіктер систематикасында демо нстрациялық материал болады, өсімдіктердің өсуі мен дамуына орта жағдайының әсерін түсіндіруде т.б.қолданылады. Өсімдіктану курсының бірінші сабағының өзінде «Гүді өсім- діктермен жалпы танысу»тақырыбындағы мұғалімнің өсімдіктер дүниесінің алуан түрлігі туралы иллюстрациялық әңгімесіне бөлме өсімдіктері жақсы материал болады. Бөлме өсімдіктерін демонстрациялай әңгімелесу барысында мұғалім гүлді өсімдік олардың мүше- сі туралы түсініктерді оқушыға қалыптастырады. Гүлдеп тұрған б.өс-гі оқушылардың біл- імін тексеруде қолданылады. Ол үшін өсімдік мүшелерін ажырату,гүл бөлімдерін тану сияқты тапсырма беріледі.Бұндай тапсырма алғашқы гүлді өс-тер туралы алған білімдерін нақтылауға(конкретизация) және тереңдетуге мүмкіндік береді. Б.өс-мен фенологиялық бақылау ұйымдастыруға болады. Әр бір оқушы өзі күтетін, бақылайтын жүргізетін 1-2өсім дік таңдайды. Ол үшін оқушы оның биологиялық ерекшелігімен танысады. Оқушылар бұндай бақылауды үйде де жүргізе алады. Ең бастысы мұғалімнің жүйелі түрде тексеруі. Кейбір оқушылар үшін өсімдіктермен шұғылдану негізгі жұмысына(хоби)айналуы мүмкін. «Жасуша»тақырыбын оқыуда оқушылар сабақта б.өс-нен микропрепарат жасауды үйрене -ді, мүшелерін қарайды, органойдтарын т.б. қарайды. Ал, цитоплазманың қозғалысы т.б. кейбір процестерді сабақ үстінде қарауға сағат берілмеген, сондықтан үйіме сабақтарында бұл жұмыстарды жасауға мүмкіндік болады. Б.өс-рімен кл.тыс жұмыста айналысуы оқу-шылардың гүлді өс-ді толық тануына болады. Үйірме сабақтарында цитоплазманың интенсивті қозғалысына ішкі фактордың әсерін анықтайды. Мыс:цит-ның интен.қозғалысы 37градус температурада бақыланады. Ал, 40-42гр. темпер-дан жоғары циитоп-ң қозғалысы тоқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет