Спорттық жұмыс. Жарыстарды жоспарлау, өткізу және судьялық жасау. Спорттық жарыстар әскери қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және дене даярлықтарының деңгейін жоғарлатуға бағытталған. Олар әкери бөлім үшін кестемен қарастырылған уақытта өткізіледі. Жарыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібі бөлім командирінің жыл сайынғы бұйрығымен анықталады.
Онда төмендегілер көрсетіледі:
Жарыс міндеттері
Жастардың денсаулығын нығайту, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, оларды Отанды қорғауға және еңбек етуге даярлықтарында дене мәдениеті және спорт маңызы өсе түседі. Спорттық жұмыс алуан түрлі құралдар мен формаларды дене даярлық топтарындағы, спорттық секциялардағы сабақтар, жарыстар болып табылады.
Дене даярлықтарын жоспарлау жүзеге асырылады: әскери бөлімдерде – штаб басшысы және дене даярлық және спорт басшыларымен (кемелерде – кеме командирінің бас көмекшісі және дене даярлық, спорт штаттық емес басшысымен); батальонда – штаб басшысымен, ротада – рота командирімен.
Әскери бөлімшелерде ден даярлықтарының негізгі сұрақтары оқу жылы бойына (оқыту кезеңі) ұрыс және саяси даярлық жоспарларында көрініс береді. Онда көрсетіледі:
Офицерлермен өткізілетін дене даярлық бойынша оқу сабақтарының өткізілу уақыты және күндері;
Офицерлермен өткізілетін инструкторлық әдістемелік және көрсетілім сабақтарының тақырыптары және өткізілу мерзімдері;
Бөлімшелердегі дене даярлықтарын бақылау мерзімдері.
Дене даярлық сұрақтары ұрыс және саси даярлықтардың басқа құжаттарында нақтыланады және белгіленеді.
Дене даярлық және спорт басшысы төмендегілерді өңдейді және әскери бөлім командирінің бекітуіне ұсынады:
Оқу мерзіміне немесе оқу жылына (қосымша 1) әскери бөлім жеке құрамының дене даярлықтарының жоспары;
Бір ай бойына таңғы дене жаттығуларын өткізу жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзіміне) спорттық – көпшілік жұмыстар жоспары;
Оқу жылына (оқыту мерзімі) әскери бөлім біріншілігіне спорттық – көпшілік жұмыстарды қарау және спорттық, әскери-спорттық жарыстар туралы ережелері;
Бір ай бойына дене даярлықтары және спорт бойынша оқу материалдық-техникалық базаларды бөлу кестесі.
Жарыстарды өткізу және судьялық ету.
Әскери бөлімдердегі спорттық және әскери – спорттық жарыстар әрекет етуші ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстар нәтижелері бір жыл бойы сақталатын хаттамаларға тіркеледі.
Әскери бөлімдегі әрбір жарысқа судьялық ету үшін судьялық бригада тағайындалады.
Оқу жылы бойына (оқыту мерзімі) бөлімдегі жарыстарды өткізу тәртібін анықтайтын құжат жарыстар туралы ережелер болып табылады. Мұнда спорттық әрбір түрі бойынша жарытардың міндеттері, бағдарламасы және шарттары, жеке және командалық біріншілікті анықтау тәртібі, жеңімпаздары марапаттау және ұсынылған өтініштер көрсетіледі.
Негізгі әдебиеттер
1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.