алды. Американдықтардан кейін екінші орында болы. Осы ойында 9 əлемдік рекорд, 29
Олимпиадалық рекорт жаңарды.
XVІ-шы Олимпиада 1956 жылы Мельбурнде өтті. Бұнда 6 əлемдік рекорд, 27
Олимпиадалық рекорд қойылды. Советтік Стайер В.Куц 5000 м. жəне 1000м. қашықтықты ұтып
алды. Советтік жеңіл атлеттер 5 алтын, 7 күміс, 10 қола медаль ұтып алды.
XVІІ-ші Олимпиада 1960 жылы Римде өтті. Америка құрама штаты бірінші рет СССР
командасына ұтылды. Жеңіске жеткен жеңіл атлеттер П.Болотников, Р.Шевлакадзе,
В.Брумель, В.Голубничий, В.Цыбуленка, В.Рудешков, В.Крепкина, Н.Пономорева, Э.Озаминос.
XVІІІ-ші Олимпиада 1964 жылы Токиода өтті. СССР командасы жүгіру түрінен 2 қола
медаль алды.
ХІХ-ші Олимпиада 1968 жылы Мехикода өтті. Негір Р.Бимона 8,90 метр ұзындыққа
секірді.
ХХ-шы Олимпиада 1972 жылы Шайхенде өтті. Осы Олимпиадада да ҚСРО жеңіл
атлеттерін ГДР атлеттері кейбір түрлерінен ұтып алды. Ал американдықтарды үшінші орынға
түсірді. СССР спринтері В.Борзов 100 жəне 200 метрге жүгіруден алтын медаль алып келді.
ГДР-дің жеңіл атлеттері 100-ден бастап 800 метр аралықта барлық қашықтықтарды ұтып алды.
ХХІ-ші Олимпиада 1976 жылы Монреальде өтті. Советтік жеңіл атлеттер бұрынғы
жетістіктерінен төмен көрсетті. Олар ГДР жəне АҚШ-тан кейін үшінші орынға тұрақтады.
Советтік жеңіл атлеттер 4 алтын, 4 күміс, 10 қола медальдарын ұтып алды. Осы Олимпиадада
лақтырушылар көзге түсті, балға лақтыру Ю.Седок, А.Стеридов жəне А.Бандарчук үш орынды
Советтік лақтырушылар жеңіп алды. Ал Т.Казаркина 800 жəне 1500 метрге екі алтын əкелсе
жəне В.Санеев үш адымнан секіруден бір алтын əкелді.
ХХІІ-ші Олимпиада Москвада өтті АҚШ осы Олимпиадаға қатыспады. Тарихта бірінші
рет Советтік жеңіл атлеттер 4х100 м, 4х400 м ерлер жəне 4х100 м, 4х400 м, əйелдер
эстафеталық жүгіруден жеңімпаз атанды. Қыздарымыз 800 метрге жүгіруден əлемдік рекорд
қойса, 1500 метрге Олимпиадалық рекорд қойды. Эфиопиялық М.Иифера атап кетпеуге
болмайды, ол 39 жасында 5000 жəне 10000 қашықтыққа жүгіріп жеңімпаз атанда.
ХХІІІ-ші Олимпиада 1984 жылы Лос-Анжелесте өтті. Американдықтар Олимпиаданы өз
мақсаттарында өткізді. Оған Социалистік елдердің спортшылар қатысқан жоқ саясатқа
байланысты. «Достық-84» социалистік елдері үлкен жарыс өткізді. Биіктікке секіруден
«Фосбери-Флоп» тəсілі пайда болды. Ядрода кішкене өзгешілік енді, секіріп итеру енгізілді.
Осылай жарыс жағдайын өзгерту спортшыларға үлкен көрсеткіштер көрсетуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: