Секіру –
жеңіл атлетикада ұзындыққа, биіктікке, үш адымдап жəне сырықпен секіру
болып бөлінеді. Олар бəрі де екпінді жүгірістен орындалады. Секіру əр түрлі тəсілдермен
орындалады. Ұзындыққа секіру мына тəсілдермен орындалады: «аяқты бүгіп» тəсілімен, «иілу»
тəсілімен жəне «қайшылап» тəсілімен. Биіктікке секіру мына тəсілдермен орындалады: «аттау»
тəсілімен, «домалау» тəсілімен, «толқын» тəсілімен, «асырма» тəсілімен, «фосбери-флоп»
тəсілімен. Үш адымдап секіру үш сатыдан тұрады: секіріп итеруден, адымнан жəне секіруден.
Ал сырықпен секіру сырықтың көмегімен тіреп секіру арқылы орындалады. Секіру біріншіден
секірулігін, жылдамдық-күшінің сапасын адам баласының жан-жақты дамытуға, ептілікке,
ержүректілікті дамытып тəрбиелейді.
Лақтыру –
бұл жаттығу күш-жылдамдығы сипатында белгілі бір снарядты алысқа
лақтыру. Аяқ-бел, иық-қол күштерінің аз уақытқа күш салуы. Лақтыру күш арқылы дамып,
жылдамдық, ептілік, қозғалыстың икемдігі арқылы жетілдіреді. Лақтыру мына түрлерге
бөлінеді: негізгі түрлері диск, найза, балға, ядро. Қосымша түрлері гранат, кіші доп. Бұлардың
өздеріне тəн əдісі мен тəсілдері болады.
Көп сайыс
– жеңіл атлетика түрлерінен тұрады. Неше түрден тұрса солай аталады.
Жеңіл атлетиканың мына түрлерінен: жүгіру, лақтыру, секіруден тұрады. Қазіргі уақытта
əйелдер арасында бес сайыс, жеті сайыс, ал ерлер арасында он сайыс, жеті сайыс жəне бес
сайыс жақсы дамыған. Көп сайыстың қорытындысы ұпай санымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |