БИОМЕХАНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР Қайсыбір снаряд ұшуының ұзақтығы бірнеше параметрлермен анықталады. Спортшы мен жаттықтырушыға ең маңыздысы үш сипат болып табылады: а) снарядты босатудың биіктігі, b) жылдамдық мен c) ұшып шығу бұрышы, ал диск мен найза лақтыруда бұл және d) снарядтың аэродинамикалық қасиеттері және e) қоршаған орта факторлары (ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен/немесе теңіз деңгейінен биіктігі және жел.) Снаряд ұшыру биіктігі спортшының бойымен анықталады, бірақ та оған снарядты босату кезіндегі спортшы позициясы де әсер етеді. Снарядтың жылдамдығы мен ұшып шығу бұрышы снарядтың ұшып шығу мен екпін беру фазаларындағы әрекетінің нәтижесі болып табылады. Спортшы снарядтың аэродинамикалық қасиеттеріне де, қоршаған ортаның факторларына да әсер ете алмайды, бірақ лақтыру техникасына кейбір өзгерістер енгізе отырып, лақтыру ұзақтығын максималды ұлғайту әлеуетін пайдалана алады.