БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНА СИПАТТАМА
Мақсаты: Балаларға арналған аспаптармен толық танысу, оның шығу тарихын білу.
Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ.Жұбанов, өнер зерттеушілері - Б.Г.Ерзакович, П.И.Аравин, Б.Ш.Сарыбаев. Профессор Б.Сарыбаевтың еңбектерінде қазақтың халық аспаптарының коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны 40-қа жуық. Аспаптар құрылымы мен ойнау әдісіне қарай мынандай топтарға бөлінеді.
Үрмелі аспаптар - сыбызғы, қамыс сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней.
Ішекті аспаптар - жетіген, шертер, домбыра, қобыз, қылқобыз.
Тілшікті аспап- шаңқобыз.
Ұрып ойнайтын аспаптар – дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау.
Домбыра – халық арасында кең тараған ежелгі аспап.
Қобыз – ең көне аспап. Қобыз аспабының шығу тарихы Қорқыт атамен тығыз байланысты.
Қоңырау – ертеде бақсылардың қолданған қолданған музыкалық аспабы.
Тұяқтас – ұру арқылы үн шығаратын аспап.
Желбуаз – үрмелі аспап.
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарады. Сонымен қатар аспаппен әннің ырғағын сүйімелдеу барысында балалар бойында ырғақтық сезім жетіліп, белсінділігі артады.
Қосымша тапсырмалар: аспаптардың шығу тарихы туралы қызықты дерек жинақтау, буклет жасау .
Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек. Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды. Мысалы:
Енді қарапайым ырғақтың күрделенуіне бір мысал келтірейік:
Бұл жаттығуда алғашқыға қарағанда әр аспаптың партиясында өзгешеліктер бар. Мысалы, асатаяқта алғашқы үш тақының күшті үлесі ойпалынса, келесі төрт тактіде әр үлес орындалып тұр. Румбаның партиясына мұқият болған жөн. Бірыңғай ырғақпен сегіздік дыбыстарды алма–кезек ойнап келе жатқан оқушы төртінші тактідегі ырғақтың алмасуын байқауы керек.
Кластағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде халық күйі «Келіншекке» жүгінуге болады. Мұғалім күйді домбырада ойнаса, оқушылар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады. Кластағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.
«Келіншек» күйіне келтірілген мысал:
«Келіншек» – Халық күйі (үзінді)
Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, мұғалім балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір оқушы сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, оқушы сод аспапта ойнаған сайын оның қырсырын терең түсініп, техникалык, ойнау шеберлігін тереңдете түседі.
Балаларды ксилофонда, металлофонда ойнау да өте қызықтырады. Д.Ботбаевтың «Жаңбыр шақыру» әнінің кіріспесіне ксилофонды пайдалану жаңбырдың тамшылауын өте дәл, анық бейнелейді, такт өткен сайын жаңбыр тамшысы жиілеп, қалың жаңбырға, яғни хорға ұласып кетеді.
Халық әні «Бір бала» орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты ғана қолдануға болады. Себебі, әннің сипаты, екпіні мен ырғақтың ерекшеліктері металлофонның таза, жинақы да көткеріңкі дыбысын қолданғанда ғана ашыла түседі деп ойлаймыз.
« Бір бала» - халық әні.
Мұғалім әр әнді, күйді орындау кезінде оған шығармашылықпен қарағаны жөн. Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны йені бейнелейді, композитордың айтайын деген ойы не деген сұрақтарға жауап іздеп табу керек,
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тындау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме басталса–ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшіп үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғулама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлүматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.
Сонымен, сабақ өткізу барысында немесе кластан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының (коллективінің) бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі, бірін-бірі тыңдай білуі, музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы, олардың көңіл-күйінің көтерілуі, музыкалық ой-өрісінің кеңеюі, ең бастысы, әр баланың өз класына, ұжымына керек екендігін сезінуі - үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін мектеп мұғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |