Мектептегі музыкалық ТӘрбие


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ИМПРОВИЗАЦИЯ



бет22/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
исходный(11)
null
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ИМПРОВИЗАЦИЯ.

МУЗЫКА САБАҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Бастауыш класс оқушылары қиялшыл болып келеді. С Мысалы, ертегі айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да дауысы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасиет балалардың бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.

Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәнінде өнер деп қарауға болмайды, ол балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене тырып, балалар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор.

Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуынша, шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса, оқушының музыканы түсіну, ойлау қабілетін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б.Асафьев: «Шығармашылық балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетін дамуына жағдай жасайды» деп жазды.

Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, «шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді», -деп көрсетті.

Шығармашылық қарапайым ән әуендерін айтқанда, ұсынылған өлең-сөзге ән шығарғанда, Бір аспапта, мысалы металлофонда немесе дауыспен әртүрлі сипаттағы музыканы орындағанда (марш,би,полька,вальс т.б.), музыка мен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, белгілі бір музыкаға ырғақ ойлап тапқанда, музыка туралы пікір алысқанда, әнді орындауда өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді.

Шығармашылық әрекетке жоғары сынып оқушыларын да тартуға болады.

Ол тек музыка туралы пікір алысумен, шығарманы мәнерлеп орындаумен шектелмей, шын мәнінде, шығармашылық қабілет танытатындай болу керек.

Мысалы, белгілі бір әуенге екінші дауыс немесе қосалқы дауыс ойлап табу, сөзге ән шығару, т.б.

Л.Дмитриева, И.Черноиваненко оқушылардың шығармашылық әрекетке белсене, қызыға араласуы үшін мұғалімнің мына қағидаларын есте ұстағаны жөн екендігіне тоқталады:

1. Дидактикалық құнды, белгілі бір бағытта шығармашылықты қажет ететін музыкалық материалдар таңдай білу;

2. Сабақта шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайтын әдіс-тәсілдерді қолдану;

3. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрінде қолдануға болатын шығармашылық түрлерімен таныстырып отыру;

4. Импровизация түрлерін кеңінен пайдалану;

5. Шығармашылық тапсырмалардың бірнеше серияларын әзірлеу;

6. Тақырыпқа байланысты қолданылатын іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіріп, бір-бірімен тығыз байланыстыра білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет