1 -2 –ші тоқсан « Қос арнаның әлемдік арнаға ұласуы
3- 4 –ші тоқсан « Түрлі әлем халықтарының музыкасы»
Ән репертуарлары: патриоттық , классикалық, халық, балалар әндері, басқа ұлт әндері.
Ұсынылатын жұмыс. Төрт топқа бөлініп ән репертуарларын талдап, орындау.
4 КЛАСТАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Музыкалық сауатын арттыра отырып, эстетикалық және рухани ой-өрісін дамыған, халық музыкасымен кәсіптік күрделі музыканы ажырату.
Екінші жартыжылдық «Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы» деп аталады. Музыкада шекара жоқ. Тілі барлық ұлт тіліне ортақ болғандықтан, адам музыканы жүрегімен, жанымен түсінгенде ғана, ол мәңгілік. Музыка халықтың ынталығын арттырады. Ұлы Абайдың әндерін үйреніп, қазақ және орыс халықтарының музыкасының байланысы, қазақ профессионалды композиторлық мектебінің қалыптасуы және оның іргетасын қалаушылары жөнінде мағлұмат алады.
Халықтық музыка
Әуесқой сазгер музыкасы
Музыка Кәсіби сазгер музыкасы
Классикалық музыка
Классикалық музыка – ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнда, «уақыт сынынан» сүрінбей өткен, музыка өмірінің алтын қорына енген шығарма.
Романс – әннен гөрі күрделі, белгілі бір аспанның сүйемелінде орындалатын жеке уақытқа арналып жазылған лирикалық шығарма.
Абайдың әндері: «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарқ ай». Үйрететін әндері: «Қараңғы түнде ту қалқып», «Желсіз түнде жарық ай». «Абай» операсынан «Қарлығаш азат құспын».
б) Түрлі халықтардың музыкалық шығармалары. Тәжік биі.Халықтардың өнерін жақындастыру мақсатында ұлттық музыка мәдениетіне мақсатында ұлттық музыка мәдениетіне үлес қосқан сазгерлер еңбегі жатады. А.Жұбанов 50-жылдардың баында жазған «Он тәжік биі». Шығарманың жазылуына себепші болған сол кездері шығыс билерін шебер орындаған Шарипа Түрікбаева. Негізгі аспапта оқушылардың орындауында тыңдау.
В) Жапонның халық әні және «Хиросима». «Хиросима» балеті үшін Ғ.Жұбанова балеті 1970 жылы Қазақ КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы берілді. (әдістемеден оқу)
Атомдық жарылыстан кейін әйелі мен қызы қаза болған кедей жапонның басынан өткен оқиғасы баяндалады. Музыка стилі - әуені, ырғағы, гармония мен фактурасы, оркестр болуы жағынан жапон музыкасына жақын.
Балет екі бөлімнен тұрады.
І бөлімінде портты қала шетіндегі таңғы мезгіл. Балықшылар мен інжу іздеушілердің тыныш өмірі. Інжу іздеуші Тойаның қызы Юни әжесіне қағаздан бейбітшілік пен бақыт символы – тармағның бейнесін сыйлады.
ІІ Көрініс – су астындағы таңғажайып өсімдіктер, балықтар. Кенеттен сұлу табиғаттың көрінісі жоғалып қара түнненболады. Осы кезде төңкерстен қызы мен әйелін іздеген Тойының қайғылы өмірі реквиіммен берілген. Жапонның халық әні «Сапура» алынған «шие» деген мағынаны білдіреді.
В) Қазақ халқының музыкасы және орыс композиторларының шығармалары. (мәнжазбадан оқу)
«Ақ көгершін» орындау
«Аққу» Н.Тілендиев тыңдау
«Қазақы дастарханым»- орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |