69
Рухани әлемі бай адам ғаламдық экология мен Қазақстан экологиясын
табиғи ұштастыруға бейімді. Әрбір отандасымызға туған жерді – ортақ үй,
Қазақ елін ортақ Отан ретінде сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап,
қызғыштай
қорғау
қасиеттерін
дарыту
мақсатында
жаратылыстану
ғылымдарын оқыту мәселесіне көңіл бөлу керек. Бұл пәндерден дәріс беруде
елімізге қатысты құбылыстарға баса назар аударып, осы ғылым салаларын
дамытудағы қазақстандық ғалымдардың үлесіне ерекше тоқталудың пайдасы
айтарлықтай.
Шынайы ұлтжандылық, халық үшін мақтаныш сезімдері осыдан
туындайды.
Бұл сананы география ғана емес, сонымен қатар елтану, этнография,
экологиялық
пəндер
де
қалыптастырады,
өйткені
бұлар
мағыналық
бағыттылығы жағынан этнос пен мəдениет проблемаларымен, этностық-мəдени
білімге тəн сақтау қорғау дəстүрімен өзектес болғандықтан да ерекше маңызға
ие. Əңгіме ғылым мен білімнің мəдениет экологиясы, этнос экологиясы, адам
экологиясы, жан дүние экологиясы, адамгершілік экологиясы, тағы сол сияқты
жаңа бағыттары туралы болып отыр. Экологиялық сана өмірге, қоршаған орта
мен табиғатқа, жалпы биосфераға құрметпен қарау,
оларды қорғау арқылы
қалыптасатын болса, тұлғаның этностық экологиялық санасы отбасының,
қауымдастықтың, социумның, əсіресе мектептің əрбір ұлттың тілдік-мəдени
ерекшеліктерін
қастерлеп,
сақтап,
дамытуға
бағытталған
əрекеттері
нəтижесінде тəрбиеленеді.
Экология
–
кеңінен
алғанда
тіршілік
иелері
мен
əр
түрлі
қауымдастықтардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым, олар
үшін залалы мол техникалық-техногендік процестерге қарсы ұстаным болса,
этнос экологиясы – жеке тұлға мен біртұтас халықтың тілдік-мəдени
ерекшеліктерін сақтап, дамыту туралы ғылым, халықтың бүгіні мен ертеңі үшін
зардабы мол бір ұлттың басқа ұлттарға сіңісіп кетуі, мəңгүрттенуі, немесе басқа
əлеуметтік-мəдени ортадан оғаштануына жол бермеуге бағытталған іс-əрекет
жиынтығы. Жеке тұлға өзін ең алдымен өз халқының бір бөлшегі, содан соң
Қазақстан азаматы, бұдан кейін əлемнің азаматы ретінде сезінетін болуы тиіс.
Көпмəдениетті тұлға барынша айқын
көркемдік-эстетикалық сананың
иесі
де болғаны дұрыс. Оған ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық
пен əдемілікті бағалай білетін қасиет, шығармашылық қабілет жат болмауы
керек. Ұлттық тұрмыстың, кәсіптің, мереке-мейрамдардың, киім-кешектің,
салт-сананың өзіндік бітімі мен құдіретін ұғынуы да қажет.
Тұлғаның сондай-ақ дүниені көркемдікпен игеріп,
дамытуға бағытталған
рухани-тəжірибелік қызметінің ерекше санасы болып табылатын өнерге
бейімделуінің маңызы зор. Оның ішінде халықтың танымын, мінез-құлқын,
салт-дəстүрін, жан дүниесі мен тұрмысын бейнелейтін
ұлттық өнерге
құрсақтағы кезінен бастап қанығып, терең бойлауы қажет. Қазақтың, басқа да
қазақстандық этностар мен этностық топтардың ұлттық мəдениеті мен өнерін
терең ұғыну, қадірлеп-қастерлеу тұлғаның əлемдік құндылықтарды игеруіне,
рухани баюына жол ашуы өте маңызды.
70
Мектеп
оқушының көркем талғамын, өнер туындыларын түсіне алатын
қабілетін тəрбиелеуі керек. Олар, бірінші кезекте, саз-әуен мен кескіндеме
пәндері, күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар, компьютер мен көркем
әдебиет, көркемөнерпаздар үйірмелері арқылы дариды. Көркемдік-эстетикалық
сананың ерекшелігі – оның өз болмысын əдетте көркем шығармашылық
дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн шырқап, сурет салғанда, т.б. сəттерде
айқын көрсетуінде. Сондықтан, ол этно-көпмəдениетті білім мақсаттарына
барынша сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне
тікелей қатыстығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестілікке ерекше рең
қосады.
Мектеп жан-жақты мəдениетті тұлғаны кемелдендіруші сананың бірі –
оқушының
құқықтық санасын
қалыптастыруға тиіс. Оның негізгі бастауы –
Қазақстан Республикасы Конституциясының əлеуетін барынша пайдалана білу
аса маңызды. Тұлғаның құқықтық санасы Қазақстан заңдарын, сонымен қатар
басқа
нормативтік-құқықтық
актілерін сақтау мен
қолданудың
бүкіл
тəжірибесінен, сол секілді азаматтардың осы негізде бекітілген құқықтары мен
бостандықтары сақталуының нақты жағдайынан туындайтынын да естен
шығармау керек. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде Конституциямыздағы құқық,
əділеттілік жəне гуманизм идеялары кеңінен қолданылуы шарт.
Білім алушылардың құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде
орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен
міндеттерін білуді, құқықты қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен
күрестің тәсілдері мен құралдары туралы түсініктері болуы керек. Өзінің
құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу
дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру қажет.
Көпұлтты,
көпконфессиялы
елімізде
жеткіншек
ұрпақ
ұлтжанды,
отансүйгіш болып өсуі, мемлекеттің зайырлылығын жете ұғынып,
оны қорғай
білуіне қол жеткізген абзал. Олардың əр түрлі діни секталар мен діни
экстремизмге заңды түрде қарсы тұра алатындай құқықтық даярлығы болуы
қажет. Мектеп оқушыны қандай шиеленісті, күрделі мəселе болмасын
конституциялық тəртіп шегінде, демократиялық жолмен шешуге тəрбиелеуге
тиіс. Мұның əсіресе, Қазақстан халқының достығын нығайту мен мемлекеттің
тəуелсіздігін бекітуде, көпмәдениеттілікке тəрбиелеуде маңызы зор.
Сонымен, патриоттық және азаматтық санасы жоғары, адамгершілікті,
толерантты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды меңгерген, салауатты
өмір салтымен өмір сүретін, шығармашылық қабілетін жүзеге
асыратын
көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың нәтижелі жолының бірі − оқу
процесіндегі тәрбие компонентінің әлеуетін арттыру болып табылады.