Глоссарий
Адамгершілік
–
өздігінен
қалыптасқан,
тұлғаның
мүддесі
мен
бағыттылығын, рухани бейнесі мен тұрмыс дәстүрін анықтайтын, қажеттілігі
мен мотивін бақылайтын дара, интеллектуалды-эмоционалды пікірлерге
сүйенетін әлеуметтік-психологиялық білім.
Валеологиялық білім және тәрбие
(
латынның
vale – сау бол) –
оқушыларда денсаулыққа деген қажеттілікті тәрбиелеу, оларда салауатты өмір
салты түсінігінің ғылыми мәнін және сәйкес мінез-құлықтың дағдылануын
қалыптастыру.
Дүниетаным –
табиғат және қоғам туралы орныққан пікір, көзқарастар
жүйесі.
Жалпымәдени құзыреттілік –
өзіндік білім алуда және осы орайда
туындаған танымдық және өз позициясын анықтау проблемаларын өздігімен
шешуде жеткілікті білімдік деңгей.
Көпмәдениеттi білім беру
−
жалпы білім берудің
этносаралық
интеграцияға
бағытталған,
мәдени-білім
құндылықтарын
игеруді
қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең
маңызды факторы деп есептейтін маңызды кұрылымы.
Оқулық –
белгілі оқу пәні бойынша бағдарлама және дидактика
талаптарымен белгіленген, оқыту мақсаттарына сәйкес ғылыми білім негіздері
баяндалған кітап.
Оқу пәні –
қандай да бір ғылымның және осы білім, білікті игеру және
қолдану бойынша осыған сәйкес қызметтің негізгі мазмұнын көрсететін білім,
білік және дағдылардың педагогикалық бейімделген жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |