Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#86096
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Əлеуметтік-мəдени қызмет.
Қазақстанда қазақ мəдениетінің дамуына баса
көңіл бөлінуі тиіс.


65
Біздің қазақ мəдениеті – халқымыздың мыңдаған жылдар бойғы асыл
қазынасы, тыныс-тіршілігінің жəне өмір нəрінің қайнары. Əрине, оқыту мен
тəрбиелеу сапасы ұлттық мəдениеттің даму дəрежесіне тəуелді, бірақ мектеп
дидактикалық жəне тəрбиелік қызметтерін күшейте отырып, елдің əлеуметтік-
мəдени өміріне де оң ықпал ете алады. Ол үшін ұзақ жылдар бойы
идеологиялық 
құралға 
айналдырылған 
оқу-тəрбие 
орыны 
мəдениет
институтына айналуы қажет.
Ағартушылық қызмет.
Ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мəдени
сұраныстарына педагогтік қолдау көрсету керек. Мектеп – əрбір ауыл, елді
мекен мен қала ықшам аудандарының мəдениет ошағы. Ата-аналар да, басқа
тұрғындар да өздерінің тілдік-мəдени мүдделеріне негізінен
мектептің ағартушылық қызметі арқылы қол жеткізеді. Бұл жұмыстың
Қазақстан халқы бірлігін, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде де маңызы зор.
Ұлттық мəдениетті сақтаудың кепілі ретінде қазақ мектебінің алдында
тұрған аса зор жауапты міндет төл мəдениетіне уызынан қанған, өзге
мəдениеттерді танып, əлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен
дамуға бағыт ұстаған көпмәдениетті тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.
Көпмәдениеттi тұлға, ең алдымен,
тұтас дүниетанымға
ие болуы қажет.
Бұл мұндай тұлғаның
дүниедегi,
әлеуметтiк орта мен мәдениеттегi
байланыстары мен қатынастарының күрделi, өзара байланысты және өзара
астарлас сипатын көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiлiмi мен бiлiгiнiң жүйеге
қалыптасқанын бiлдiредi. Тұтастық – жоғары дамыған және тиiмдi оңтайланған
дүниетанымның өлшемi.
Көпмәдениетті тұлға
төл мәдениетін
игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы
беріледі. Әр адамның жалпы адамзаттық құндылықтарға, әлемдік мәдениетке
құштарланғанда табан тірер тұғыры − төл мәдениеті, өзгелердің өркениетіне
тәнті болғанда − мақтаныш ететіні де ұлттық рухани қазына.
Ұлт мəдениетсіз өмір сүре алмайды. Мəдениет те ұлтсыз болмайды.
Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен мəдениетін сақтап,
дамытып, туындатып отыруы керек. Төл мəдениетін қорғамайтын ұлт – ертеңін
ойламайтын ұлт.
Мəдениеттің де басты қызметі – этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі
мəдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі.
Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мəдениет қана
сақтай алады. Мəдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын
үзбейді. Ұлттық мəдениет − этностық құндылықтар, рəміздер мен наным-
сенімдердің, мінез-құлық үлгілерінің құр əшейін жиынтығы емес, сол ұлттың
рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті.
Көпмәдениетті тұлға болу үшін
тілдік
сана қажет. Тіл – дүниеде адамзатқа
ғана тəн баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанмен тең. Ана тілі – əр адамның
өз ұлтының жан-дүниесі мен мəдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани
азығынан нəр алатын кіндік тамыры. Онсыз адам – мəңгүрт.


66
Ұлттық тіл – əр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-
тіршілігі мен сезім-түсінігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз
халық – аты бар да, заты жоқ тобыр.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн
жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса
маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбiр азаматының парызы [27].
Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар
құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді.
Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін,
сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік
әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс
болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары
классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын
қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
бойынша әлем әдебиетіндегі
көркем
шығармалардың
жүзге жуық
озық үлгілері
қазақ тілінде жарыққа шықты.
Егер
әлем
әдебиетімен
таныс болу
парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды
тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық
пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.
Анасының әлдиімен айтылған бесік жыры – жас сәбидің құлағына
шалынатын алғашқы әдеби нұсқа. Әжесі айтатын ертегі арқылы балдырған
ауыз әдебиетінің үлгілерін санасына сіңіреді. Сол бесік жыры, сол ғажайып
ертегі ұл-қызымызға қай тілде жетті, өз ұлтының қазынасы ма, мәселе осы
арада. Ана тілінде бесік жырын естімей өскен адам этносының әдебиетіне де
жете мән бермейді.
Бесік жыры – ұлт әдебиетіне баспалдақ болса, ұлт әдебиеті –әлемдік
әдебиетке бастар жол. Қазақтың кейінгі ұрпақтары бесік жырын ана тілінде
естімей өскендіктен кезінде мәңгүрттікке ұрынды. Асанқайғыдан бастап,
Сұлтанмахмұтпен аяқталатын
бес
ғасырлық
жыр дастан дүлдүлдерінің
туындыларын окымай өскен ұрпақтың бойында ұлттық сезім кемшін түсіп
жатты. Абайды әлемге енді танытып жатырмыз, ал өзіміз танып болдық па?
Ендеше, тілдік сана көпмәдениеттіліктің бір белгісі екен.
Көпмәдениет иесі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет