72
әрекетін зерттеу, жалпылау және диагностикалау негізінде анықталды (Б
қосымшасы).
Қазақстан мектептеріндегі оқу-тәрбие
процесін зерттеу және талдау
негізінде
қоғамдық-гуманитарлық
және
жаратылыстану-математикалық
циклдары оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту бойынша нақты
ұсыныстар әзірленгенін атап көрсетуге болады. Заманауи мектептегі оқу
процесінде тұлғаның патриоттық сезімін, адамгершілік-эстетикалық және
құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша әзірленген ұсыныстар берілген.
Сонымен, ресми құжаттардың, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттің, Қазақстан
Республикасы білім беру
ұйымдарының
зерттеу
проблемалары бойынша жұмыс тәжірибесінің талдау мектептердегі оқу
процесінің
тәрбиелік бағыттылығын күшейту
үрдісін
бөліп көрсетуге
мүмкіндік берді:
– қазақстандық білім беру жүйесінде және қоғамда тәрбиенің әлеуметтік
мәртебесін көтеру;
– мазмұндық, құрылымдық, технологиялық деңгейлерде
тәрбие процесін
жаңарту және сапалы жетілдіру;
– оқу процесін даралау және біріздендіру;
– тәрбиелеу мен оқыту процесінде демократиялық стильді дамыту және т.б.
Тұлғаның қалыптасуында оқу орындары жетекші рөл атқарады. Әрбір
оқушы ұзақ уақыт бойы оқу және тәрбиемен қамтылған. Бұл оның ержету және
әлеуметтену кезеңі. Бұл жерде оқу процесі маңызды орын алады. Дегенмен,
қазіргі социумда тұлғаның әлеуметтенуі үшін ғылым негіздері бойынша
білімімен қатар, белгілі бір сапалар да қажет. Бұл сапаларды қалыптастыруда
оқу процесі тәрбие компонентінің маңызы зор. Сондықтан, ұсынылып отырған
әдістемелік құралда оқу процесінің тәрбиелік әлеуетін көтеру жолдары
қарастырылды.