Блум таксономиясы мүмкіндіктерін қолдану



бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі64 Kb.
#162262
  1   2   3   4
Байланысты:
blum-taksonomiyasy-mmkndktern-oldanu


БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

Шопанова Гүлшат Ғалымқызы
Атырау қаласы
Боран нысанбаев атындағы
Орта мектебінің тарих –география пәнінің мүғалімі

Атырау-2016 жыл




Мазмұны:


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:

Блум таксономиясы – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың тиімді жолы.


а) Блум таксономиясына негізделген әдіс-тәсілдер

ә) Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары

б)Блум таксономиясын қолдану іс –тәжірибемнен

ІІІ. Қорытынды.

«Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен


инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек
еткен,талмай ғылым іздеген, жалықпай техника
меңгерген адам озады. »
Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауы және 2010 жылғы 7 желтоқсанда«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында» көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде, білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл–ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.


Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.Бір сөзбен айтқанда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып отыр. Бұл Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктерінің бірі.
Жалпы құзыреттілік дегеніміз –алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Латын тілінен аудармасы «competens» белгілі бір сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Яғни оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.Сондықтан келешек ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық, ғылыми – педагогикалық іс әрекетті меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Олай болса білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мен инновациялық технологиялар ішінен «тарих сабағында Блум таксономиясы мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбын алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет