Олар білім алуда неге талпынады?



Дата13.03.2020
өлшемі109.5 Kb.
Түсініктеме

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Жаңартылған білім мазмұны оқушылардың мектепте білім алуы олардың бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына, жан- жақты дамуына бағытталған. Нәтижеге бағытталған оқуытуды білім алушының қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өз үшін де, ата- ана үшін де өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізіліп отыр.

Критериалды бағалау дегеніміз белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Бұл бағалау жүйесі білім берудің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, ата- ана да, білім алушы да:


  • Білім алушы оқытудың қай сатысында?

  • Олар білім алуда неге талпынады?

  • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Себебі, критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

  • Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

  • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

  • Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критериалды бағалау жүйесінде жоғарыда аталған қағидаттарын негізге алар болсақ, біз оқытудағы оның тиімділігін байқаймыз. Бес балдық жүйе бойынша бағаланған білім алушы өзінің нақты не себепті сол бағаны алғаны белсіз болса, нақты критерийлер бойынша құрастырылған тапсырманың қандай дескрипторлары орындалмағаны оқушыға да, ата- анаға да белгілі болады. Сонымен қатар, мұғалім білім алушыға кері байланыс беру арқылы оқушыны бағыттап отырады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесі жаңартылған білім мазмұнымен енгізіледі. 2016-2017- оқу жылында тек 1- сыныптар ғана жаңартылған білім мазмұнына енгізілгенімен, мектебімізде мұғалімдерді жаңа бағалау жүйесімен таныстырып, оны тәжірибеде таратып, оқытудағы реформаға дайындау мақсатында «Критериалды бағалау жүйесін» мектебімізге жоба ретінде кіргізіп отыр.


Гипотеза:

Егер мектеп мұғалімдері критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздерін меңгеріп, сертификатталған мұғалімдердермен тәжірибе алмасса, мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең- кезеңімен көшуде қиындықтардың алдын алады, яғни мұғалімдеріміз реформаға тез бейімделіп кетеді.


Жобаның мақсаты: сертификатталмаған мектеп мұғалімдеріне нормативтік және әдістемелік- нұсқаулық құжаттарына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің ережесін, теориялық негіздерін меңгерту, тәжірибе алмасу арқылы мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең- кезеңімен көшуде дайындау.
Жобаның міндеттері:

  • Критериалды бағалау жүйеснің теориялық негіздерін игерту;

  • Критериалды бағалаудың құрылымымен таныстыру;

  • Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау мен ұйымдастыру;

  • ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқытатын 1- сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасу;

  • НЗМ- нің критериалды бағалаудағы іс- тәжірибелерінің магниттік мектептердің көмегімен таратуда белсенділік көрсету;

  • Мектеп үйлестірушісімен біріге отыра жаңа бағалау жүйесін мектеп мұғалімдерінің өз бойларынан өткізуге, яғни сабақтарында критериалды бағалаудың элементтерін кіріктіре бағалауға негіздеу;

  • Мұғалімдердің кәсиби шеберліктерін жетілдіру;

  • Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

  • Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;


Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2016- 2019 жыл

Күтілетін нәтиже:

  • мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең- кезеңімен көшуде жаңа бағалау жүйесіне мектеп мұғалімдері дайын болады;

  • оқу мақсаттарына сәйкес критерий ұсынуды; критерийлерге қарай отырып, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыруды, дескрипторлар жазып, тиімді кері байланыс жасауды үйренеді;

  • оқушыларға критерий таныс болған жағдайда білім алушылардың оқу сапасы, оқуға деген ынтасы артады;

  • қалыптастырушы бағалауға тапсырма құрастыру барысында мұғалімдердің кәсіби құзреттіліктері артып қана қоймай, шығармашылық ізденістері де дамиды;

  • Ұйымдастырылған коучинг, семинарлар, ашық сабақтар барысында ұстаздардың кәсіби құзреттіліктері артады.


Жоба жұмысының кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі 2016-2017 жыл

Кезең міндеттері:

  1. Жобаға қатысушыларды анықтау. (мектеп мұғалімдері саны)

  2. Жобаны жүзеге асыруға шығармашылық топ құру.

  3. Жобаны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлеу.

  4. Критериалды бағалаудың тиімділігін, теориялық негіздерін меңгертуге бағытталған коучинг, семинарлар ұйымдастыру.

  5. Критериалды бағалаудың құрылымы бойынша, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау үдерістерін ұйымдастыру мен жоспарлауды игеру.

  6. Жаңартылған білім мазмұнына көшкен 1- сынып мұғалімдерімен 2017-2018- оқу жылында 1, 5, 7- сыныптарды қабылдап алатын мұғалімдер тілдік, жаратылыстану бағытындағы пәндердегі қалыптастырушы бағалауды сабақ үдерісінде көрсету мақсатында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асыру.

  7. Мұғалімдердің оқушыларды бағалауда критерийлер ұсыну, кері байланыс берулерін қадағалау.




  1. Қалыптастыру кезеңі 2017-2018 жыл

2-кезең- Қалыптастыру 2017-2018жж. Жобаны іске асыру.

Кезең міндеттері:



  1. Жаңа бағалау жүйесіне енген сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу;

  2. Критериалды бағалау жүйесі бойынша оқушының портфолиосының құрылымын айқындай отырып, оқушы портфолиосын сақтауға арналған бөлме мәселесін қарастыру;

  3. Жиынтық бағалау үдерісінің теориялық негіздерін қарастыру;

  4. Жоспарлы түрде жаңартылған білім мазмұнына оқытуға көшкен мұғалімдермен сабақтастықты орнатужұмыстарын жандандыру;

  5. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын құрастыру;

ІІІ. Қорытынды – 2018-2019 жыл. Жобаны іске асыруда сапалы және есептік талдау нәтижесі.

Кезең міндеттері:



  1. Жобаны іске асырудың қорытындысын өткізу

  2. Критериалды бағалаудың тиімділігін айқындай отырып, БАҚ баяндамалар, мақалаларды жарыққа шығару.

  3. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша семинар өткізу

  4. Алынған нәтиженің диагностикасы, талдауы және қорытындысы

  5. 3 жылғы жоба қорытындысы жұмыс өнімін көрсету. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын құрастыру;


2016-2019 жылдарға жоба бойынша іс-шаралар жоспары



Іс шаралар

Мерзімі

нәтижесі

жауапты



Жоба әзірлемесі,материалды дайындау, жобаның өткізілетін орнын уақытын белгілеу және қатысушылар тізімін құрастыру

қыркүйек 2016 ж

жоба, құжаттар пакеті


Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.





Жобаны іске асыру үшін шығармашылық топ құру

қыркүйек 2016 ж




Ботаханова С.Т

Аханова Г.К.





Мектептегі жобаларды іске асыру бойынша 3 жылға іс- шара жоспарын және 1 жылға жұмыс жоспарын әзірлеу

қыркүйек 2016 ж

жұмыс жоспары

Омарбекова С.Т

Аханова Г.К





«Критериалды бағалау үдесінің теориялық негіздері» коучниг- семинар өткізу

қазан 2016 жыл

әзірлеме, фотоақпарат

Ботаханова С.Т.

Аханова Г.К.





«Қалыптастырушы бағалау үдерісін ұйымдастыру және өткізу» семинар

қараша 2016 жыл

әзірлеме, фотоақпарат

Ботаханова С.Т.

Алтаева Г.Х.





«Оқушылардың оқу сапасын арттыруда тиімді кері байланыс беру» іс- тәжірибе алмасу, әдістемелік отырыс

желтоқсан 2016 ж

әзірлеме, фотоақпарат


Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.




«Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру» коучинг

Қаңтар 2017ж

әзірлеме, фотоақпарат

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.

1 сынып мұғалімдері




Сабақтардағы критериалды бағалаудың элементтерін көрсету мақсатындағы өткізілетін ашық сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру

Ақпан 2017ж

әзірлеме, фотоақпарат

Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.




Мектеп үйлестірушісі мен тренерінің, жобаға жауапты шығармашыл топтың ұйымдастыруымен семинар өткізу

Наурыз 2017ж

әзірлеме, фотоақпарат


Ботаханова С.Т.

Алтаева Г.Х.

Шакирова Д.К.




Жоба қатысушылардың критериалды бағалау жүйесі бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруда сараптама жұмыстарын, сауалнама жүргізу,талдау.

Сәуір 2017ж

сауалнама, мониторинг


Ботаханова С.Т.



Жоба бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның нәтижелерін диагностикалау және талдау

жартыжылдық қорытындысы бойынша


мониторинг

Омарбекова С.У.



Жобаны іске асыру бойынша 3 жылға іс- шара жоспарын және 1 жылға жұмыс жоспарын қайта қарастыру, әзірлеу, өзгерістер енгізу.

қыркүйек 2016ж

қыркүйек 2017ж

қыркүйек 2018ж


3 жылдық жоспар және 1 жылдық жоспарлық
жобаны іске асыру

Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.




Семинар өткізу бойынша құжаттар пакетін әзірлеу

қыркүйек 2019ж

жоба құжаттары

Омарбекова С.У.



Жаңа бағалау жүйесіне енген сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу;

қараша-сәуір 2016-2019ж

жоба құжаттары, мақалалар, презентациялар, талдау

Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.




Критериалды бағалау жүйесі бойынша оқушының портфолиосының құрылымын айқындай отырып, оқушы портфолиосын жинақтау.

қараша-сәуір 2017-2018ж

жоба құжаттары,

сынып жетекшілері, пән мұғалімдері



Жиынтық бағалау үдерісінің теориялық негіздерін қарастыру.

сәуір 2018ж

семинарлар

Ботаханова С.Т.

Аханова Г.К.





Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын құрастыру.


3 жылішінде

жинақ

Ботаханова С.Т. Омарбекова С.У.

1-2 сынып, 5-7 сыныптарға беретін пән мұғалімдері





Мектеп үйлестірушімен бірлесе отырып, мұғалімдердің сұрақтарын қарастыру


3 жылішінде

Әдістемелік отырыстар

Ботаханова С.Т.



Критериалды бағалау бойынша мұғалімге арналған нұсқаулықтарды қарастыру, талдау.


3 жылішінде

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Ботаханова С.Т.

пән мұғалімдері





Жоспарлы түрде жаңартылған білім мазмұнына көшкен мұғалімдермен сабақтастығы мен ынтымақтастығы қамтамасыз ету

3 жыл ішінде

Сабақтастық бағдарламасы

Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У

Аханова Г.К

Пән мұғалімдері





Мұғалімдердің шығармашылық материалдар банкін қалыптастыру; қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын шығару.

3 жыл ішінде

Оқу-әдістемелік материалдар, жинақтар


Ботаханова С.Т.

пән мұғалімдері





БАҚ-та басылымдарды ұйымдастыру


3 жыл ішінде

мақала

Ботаханова С.Т.

пән мұғалімдері





Бір жылға арналған жобаның нәтижелерін талдау


Мамыр

2016-2017ж

мамыр

2017-2018ж



мамыр

2018-2019ж



мониторинг


Ботаханова С.Т.

Омарбекова С.У.

Аханова Г.К.




Жобаның 3 жылдық қорытындысы бойынша презентациялық қорғау

мамыр

2018-2019ж



мониторинг, презентация

Омарбеова С.У.

Аханова Г.К.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет