Реферат
Пайдаланушылар тізімін қалыптастыру
Орындаған: Қойшы Гулназ
Топ: Қаржы-232
Тексерген: Есенгелді Жания
Алматы-2021
Пайдаланушылар тізімін қалыптастыру
1991 жылы ресейлік фирмада ең алғаш «1 С» бағдарламасы қолданыла басталды,бұл әр түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асырды, сонымен қатар оқитын бағдарламалар мен компьютерлік ойындар шығарылды.
Фирманың танымалдылығын «1 С: Кәсіпорын» жұртқа әйгілі етті.Бухгалтерлік есептің негізі болып «1С Бухгалтерияның 8» бағдарламасы саналады. «1 С Бухгалтерия 8»- бұл әмбебап бағдарлама,ол автоматтандырылған бухгалтерлік және салық есебінің толығымен есептейді.Бұл дайын жоба мекемелерге есепті әр түрлі коммерциялық жүйелерге, яғни соның ішінде: өндіріс,құрылыс,халыққа қызмет көрсетуге,сатудың әр-түрлі түрлерін жатқызуға болады.Сонымен қатар «1 С Бухгалтерия 8» бағдарламасының көмегімен жеке кәсіпкерлер салық есебінің екі түрлі жүйесін жүргізуге болады:
тікелей салық
жалпы салық
«1 С бухгалтерия 8» бағдарламасындағы бухгалтерлік есеп шот Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №185 бұйрығымен 23 мамыр 2007 жылы «Бекітілген бухгалтерлік есеп шоттың үлгісі» болып бекітілген.
«1С Бухгалтерлік» бағдарламаның көмегімен бір ақпараттық базамен бірнеше мекемелерді жүргізуге болады және практикалық негізінде бухгалтерлік және салық есептерін есептейді:
Ақшалық операциялар;
Қорларды;
Негіздерді және материалдық емес активтерді;
Өндірістерді және қызмет көрсетуді;
Контагенттермен есеп айырысуды;
Есеп айырысу міндеттемелерді;
Кадрлық есепті іске асыру жіне т.б.
«1С Бухгалтерия» ақпаратын еңгізу әр-түрлі дәрежедегі жағдайда автоматты түрде іске қосылуы мүмкін:
Операцияны қолмен іске қосу бағыты;
Түрлі операцияның бағыты;
Құжат бойынша бағытты автоматтық түрде операцияны нысанға келтіру;
«1С Бухгалтерия» жүйесі екі бағытпен жұмыс істей алады:
Конфигуратор бағыты – автоматтындырылған жүйені,негізгі базада сақтайды.
«1С Конфигурация» барлық мекемелерді ақпаратты түрде жүргізуге болады, сонымен қатар, өңдеп, сақтап нақты ақпаратты кәсіпорынға бере алады.
Конфигурацияны өңдеудегі ақпаратты өңдеуге әр түрлі алгоритм атауының жазылуынан басқа ақпарат базасын әкімшілік функциясы қолданылады.
Жүйені конфигурациялағанда пайдаланушының рөлін және интерфейс жүйесін құруға болады. Әр бір пайдаланушы үшін арнайы интерфейс пен оған арналған рөлі қондырылады.
Әкімшілік функцияларына келесілері жатады:
Активті пайдаланушылардың тізімі;
Пайдаланушылардың әрекетін тіркейтін журнал жүргізу;
Ақпарат базасын шығару;
Ақпараттық базаны тестілеу және дұрыстау;
Пайдаланушылар тізімін енгізу жүйенің әр бір пайдаланушы ақпаратқа еркін кіре алады, олар анықтамалар, тұрақтылар және т.б.
Бір жағынан әр бір пайдаланушы тек өзіне қатысты ақпаратпен жұмыс жасауы керек.
1С:кәсіпорын жүйесінде, бұл жүйелік жұмыс жасайтын пайдаланушылардың тізімін жасауға болады. Бұл тізім пайдаланушының жүйемен жұмысын авторизациялауға қажет,әр бір пайдаланушының паролі болуы керек.
Пайдаланушының тізімін өңдеу үшін конфигуратор тәртібінде мәзірді ашып, «Әкімшіліктеу – пайдаланушылар» командасын орындау керек. Жаңа пайдаланушыларды келесідей жағдайларда енгізуге болады:
Мәзір командасында «әрекет тақтасы – қосу»;
Құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы басу арқылы;
«Insert» командасын басу;
Мәзір командасын тышқанның оң жағын басу арқылы «қосу» командасын таңдау.
Ашылған терезеде келесідей деректерді толтыру қажет.
Аты – пайдаланушының қысқа аты. Ақпарат базасында оның атына басқа пайдаланушылардың ерекше болуы керек. Пайдаланушының атауы 1С:кәсіпорын жүйесіне енгізген негізгі ақпаратты енгізгенде жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |