Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру
Оқу- әдістемелік кешенді шығаруға, зерттелетін материалды жинау мен оған талдау жасауға, эксперимент пен тәжірибені жүйелеу мен қорытындылау мәселелерімен мектеп бойынша не бір әдістемелік бірлестік аясында шығармашылық топ (ШТ) жұмыс жасайды.
Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығушылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші, не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |