4.Қарапайымдылық. Ең мықты көшбасшылар – күшті және табанды, сонымен бірге қарапайым адамдар. Қарапайымдылық әлсіздікті немесе күмәншілдікті білдірмейді, ол адамның жеткілікті түрде өз күшіне сенімді екенін, өзінің және басқа адамдардың бағасын, құндылығын мойындай білетін, оларды қауіп түрінде көрмейтінін білдіреді. Қарапайымдылық өзінің дұрыс жасамағанын және барлық сұраққа жауап беруге қабілетті еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Қарапайымдылық басқалардың сіңірген еңбегін мойындауға көмектеседі. Қарапайым көшбасшылар әрқашанда мықты болуға ұмтылатындығымен және оқып-үйренуін үзбейтіндігімен ерекшеленеді.
5.Көрегенділік(болжағыштық). Көшбасшылар болашақты және жағдай дамуын болжауға, көруге қабілетті. Жақсы көшбасшыларда стратегиялық ойлау тамаша дамыған. Олар жағдайды үнемі талдайды, қазіргі орын алған жағдайдың негізінде, болашақта бұл жағдайдың дамуын нақты болжауға қабілетті. Көшбасшының болашағын айқындауға арналған құралдардың бірі – сценарийлік жоспарлау, яғни үш-төрт нақтыланған жұмыс жоспары.
6.Мақсаттылық.Көшбасшы іс-әрекеттің маңызды бөліктеріне күштері мен ресурстарын бағыттай алуға міндетті. Олар басты назарды нәтижелерге бөледі, яғни олар өздері, әріптестері және тұтас ұйым неге жету керектігіне басымдық береді. Көшбасшылар өзінің және басқа адамдардың мықты жақтарын тірек етеді. Олар өздерінің ұйымының артықшылықтарын сүйеніш етеді. Көшбасшы өзінің жеке үлгі мысалымен барлығын шабыттандыруы, құлшындыруы тиіс. Көшбасшылар кінәліні іздеуге емес, мәселені шешуге бағдарланған. Ең басты орынға шешім табуды қояды. Олар осы мәселенің туындауына «Кім кінәлі?» және «Кім не істеді?» деп ойланып отырмайды, олар осы жағдайды дәл қазір шешу үшін не істеуге болатынын ойланады. Көшбасшының басты назары – болашақ, ертеңгі мүмкіндіктер мен әрекеттер. Көшбасшылар шағымданбайды және сынамайды, олар жағымды көңіл- күйді сақтайды және өзінің және ұйымның мақсатына назарын шоғырландырады.
7.Өзараәрекет. Тиімді көшбасшылық үшін басқалармен ортақ тіл табысу қажет. Жетістіктің міндетті жағдайлары – ол бір мақсатқа жету үшін барлығын реттелген жұмысқа бағыттау. Конструктивті өзара әрекетті қамтамасыз ету үшін, барлық әріптестермен күнде жақсы қарым-қатынаста болу қағидасын ұстану қажет. Мұғалім осы көшбасшылық қасиеттерін өзінде тәжірибе жасау мен қайталау арқылы дамыта алады. Өз әрекеттерін күнделікке жазуды ұсынамыз, онда көшбасшылыққасиет, күні, орындалған тапсырма белгіленеді. Жоғарыдакөрсетілген көшбасшылық қасиеттерін біліктілікті арттыру курстарында жаттығулар мен практикалық тапсырмалар орындау арқылы дамытуға болады. Түйіндей келе, тек көшбасшылық қасиеттерге ие мұғалім өзінің беделін, оқыту мен оқудың тиімді тәжірибесін арттырып, оны сақтауға, қазіргі таңдағы білім беру мақсатына жетуге қабілетті.