3.3.3 Жаңалық ашушы көшбасшы ойыңызды жинақтап түсіндіріңіз
А.К.Тихонов атақты көшбасшылардың тарихын зерттеп, әртүрлі зерттеу нәтижелерін жалпылап және эксперимент пен бақылауды жүргізіп «адамның көшбасшылық әлеуетін дамытудың белгілі бір заңдылықтары» бар екенін анықтады (17). Ол көшбасшылықты пирамида түрінде көрсетті, оның негізінде тұлғаның базалық сипаттары жатыр, пирамида деңгейі жоғарылаған сайын әлеуметтік байланыс пен қатынасқа байланысты болады. Әрбір жаңа деңгейде көшбасшының ойлау ауқымы және жүйесі артады Бұл пирамида мұғалімнің көшбасшылық өсу сатыларын пирамида іспетті дейгейде қойдым. Осы пирамиданың ең жағарғы деңгей ол Жаңалық шығарушы көшбасшылық. Нарықта, білім саласында бірінші болуға ұмтылады. Барлық жүйеге өз ережесін кіріктіреді. Барлығы өмір сүретін әлем жасайды. Мұғалім үшін бұл – білім беруде бірінші болу және Қазақстандағы білім беру жүйесіне ықпал етуге қабілетті болу.
Пирамиданың әрбір келесі деңгейі алдыңғысына сүйенеді. Яғни келесі деңгейге дамып жету үшін бірнәрсені тірек ету қажет. Дұрыс дамытылмаған деңгей реттеліп, келесі жоғары қадамдар жасалады. Пирамида төменгі деңгей тек тірек ғана емес, оның бір негізі ретінде құрылған.
Сонымен, көшбасшылық жолға түсу үшін және өзіңде көшбасшылық әлеуетті дамыту үшін ішкі көшбасшылық қасиеттерді дамытудан бастау қажет. Мұғалім айналадағыларға мысал болуы тиіс және қарым-қатынас дағдыларына үйренуі қажет, көшбасшылық кеңістікті жаулап, оны тұрақты ұстауы керек. Сосын топты және идеяларды тиімді басқаруды меңгеруі, мақсатпен және ынталандырумен жұмысты үйренуі, болашақты айқындауы, құлшындыруы қажет. Сонымен, бір деңгейден екінші деңгейге өту арқылы көшбасшылық пирамидасының шыңына қадам-қадамдап жетуге болады.
Көшбасшылық болашақты айқын, ортақ етіп көруге мүмкіндік береді, мақсатқа жетуге, нәтижеге жетуге арналған стратегияларды жасауға, ынталандыруға, көтермелеуге және басқаларға жағымды мысал болуға жағдай жасайды. Білім берудегі тек жақсы көшбасшы ғана, оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту үшін не істеу қажеттігін түсінеді. Сондықтан, әрбір мұғалім өзінің бойында көшбасшылық қасиеттерін дамытса ғана, табысты болатынын білгені абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |