Мектептердегі



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі48,94 Kb.
#187274
  1   2   3
Байланысты:
3.3.1 мен 3.3.3 Көшбасшылық теориясы


3.3.1 Мектеп мұғалімдерінің көшбасшылық қасиеттерін арттырудың жолдарын түсіндіріңіз.
Мектептердегі мұғалім-көшбасшылар басқаларды ынталандырып, оларды бағыттауы керек, тобының әрекет жауапкершілігін өзіне алуы және мақсат қоя білуі тиіс. Басқаларды ұйымдастыру мен ынталандыру және бастаманы өзіне алу өте маңызды. Ойыңдағыдай болмайтын сәттер болады. Мұндай жағдайда мұғалім- көшбасшы сәтсіздіктің өзінен тиімді жағын байқап, табандылық танытып, өзінің қателігін мойындап, алға жылжи алу керек, жағдайдың өзгеруіне байланысты өз мақсатттарын бейімдеуге дайын болғаны жөн. Осы аталған көшбасшылық қасиеттер мұғалімге табысты көшбасшы болуға көмектеседі.
Брайан Трейси өзінің зерттеуі барысында, көшбасшылыққа маңызды табысты көшбасшылардың қасиеттерін анықтау мақсатында, оның елуден артығын белгіледі. Оның жетеуі аса маңызды ретінде көрсетілді
Біліктілікті арттыру курсы барысындағы жалпы орта мектеп мұғалімдерімен жұмыс тәжірибесінде және облыс мектептеріндегі мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеуде Брайан Трейсидің ұсынған көшбасшылық қасиеттері мұғалім- көшбасшылардың бойында жиі байқалды.
1.Болашақты айқындай білу іскерлігі. Көшбасшылар болашақты айқындауға және көре білуге қабілетті. Олар қайда және нені алуға ұмтылып отырғанын айқын және стандартты емес түрде елестете алады. Көшбасшы үнемі келесі екі сұрақты қоюы тиіс: «Біз не жасауға әрекеттенудеміз?» және «Қалай оны жасамақпыз?».
Көшбасшылар мен қарапайым адамдардың айырмашылығы, көшбасшылар мықты сенімге ие, олар қандай жағдай болмасын оны құрбан етпейді. Ал, қарапайым адамдарда құндылықтары анық емес. Ең алдымен, көшбасшылар мақсатқа бағдарланады. Сондықтан да нақты, өлшенетін, уақытпен байланыстырылған мақсаттарды қою қажет. Көшбасшы үшін айқындық аса маңызды. Бұл атақты көшбасшылықтың басты қадамы.
2.Батылдық. Батылдық бұл – жетістік болатынына кепілдік алмай тұрып, өз мақсатына жетуге тәуекелге дайын болуды білдіреді. Бұл мықты көшбасшының ең жарқын қасиеттерінің бірі. Болашақ қауіпсіздікке қарай ұмтылатындарда емес, әрқашанда тәуекел етушілерде екені белгілі. Ерлік – бұл ешқандай кепілдік болмай, әрекетке көшуге дайын болу. Маңызды шешім қабылдамай тұрып, неғұрлым көп ақпарат пен пікірді сараласаңыз, сіз дұрыс жасап жатқаныңыздың ықтималдығы артады. Бірақ тәуекелділікті толық алып тастай алмаймыз. Ерлік пен батылдық үнемі «Не істеуім қажет?» деп ойланғанда ғана көрініс табады. Неғұрлым әрекетке бағдарлансаңыз, соғұрлым өзіңізді сенімді сезінесіз, қажет кезде дұрыс әрекет етіп, жеңіске жету ықтималдығыңыз жоғарылайды.
3.Адалдық. Адалдықтың негізінде шыншылдық жатыр. Бұл қасиет кез-келген жағдайда барлығына әрқашанда шынын айтуға талап етеді. Шынайылықтан сенім құрылады, бұл әрбір істің табыстылығына өте қажетті. Адал көшбасшылар өзінің әрекетіне, алатын нәтижесіне жауапкершілік алады. Көшбасшылар өзінің кінәсін басқалардың қателігі деп санамайды. Олар толығымен жауапкершілікті алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет