Мектептің білім беру үдерісінде swot- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы «Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы Мектептің білім беру үдерісінде swot- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы «Білімді болуға – оқу керек»



бет3/3
Дата20.09.2023
өлшемі43,21 Kb.
#181739
1   2   3
Мұхамбеджан Малика сертификаттар алып «Birge Oqu» - оқу орталығында қашықтан білім алып жатыр.
5. Оқушылардың білім сапасының көрсеткіші.
Мектептегі білім сапасы көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар мектепте жыл сайын Үздік аттестаттарға бітіретін оқушыларымыз да бар. Соңғы үш оқу жылындағы үлгерім мен сапаның салыстырмалы диаграммасы төмендегідей 
Құрөзек негізгі орта мектебі бойынша 1-тоқсанда сапа 60,3 үлгерім 100%, 2-тоқсан 61,5% үлгерім 100%, 1-жартыжылдық сапа 61,5% , үлгерім 100%. Мектеп сапасы 1,2% көтерілді. 
2-9-сыныптар арасындағы математика пәнінің салыстырмалы диаграммасы


математика

1 жарты жылдық

2-жарты жылдық

айырмашылығы

2-сынып

75

65

-10

3-сынып

80

80

0

4-сынып

69

69

0

5-сынып

57

57

0

6-сынып

60

60

0

7-сынып

55

55

0

8-сынып

60

60

0

9-сынып

50

50

0

8-кесте. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің «Үздік аттестат» иегерлерінің салыстырмалы кестесі.
Үздік аттестатқа 2019-2020 жылы 1 оқушы бітірді Бақтыберген Айым.
SWOT-талдауда көрсетілген проблемаларды жою үшін ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, нақты іс-шараларжоспарланды. Ол үшін әкімшілік лауазымдық міндеттерін бекітіп, жауапты адамдарды, орындау мерзімін белгіледік.
Шараны өткізу барысы емес, нәтижеге жету басты мақсат болып тұр. Егер тек қана үдеріске назар аударып қана қойсақ, онда нәтижеге әсер еткен себептерді бірден анықтау мүмкін болмайды. Ал нәтижеге бағытталған талдау күтілетін нәтижелерден басталады. Бұл талдауда нәтиже алынбаған кезеңде оның себептері қарастырылды.
Мектептің білім беру қызметін талдау негізінде бар күшті жақтарымызды және әлсіз жақтарымызды айқын біліп отырмыз. Әлсіз және күшті жақтарын және ондағы проблеманы мектептің жылдық жұмыс жоспары арқылы логикалық ретпен анықтау үшін ең алдымен оқу жылына жасаған талдауды ескере отырып, проблемаларды шешу үшін келесі оқы жылына қажетті ұсыныстар беріліп, басым бағыттар анықталды. Осы мақсатта төмендегі ұсыныстар жасақталды:
1. Талдауда көрсетілген күшті жақтарды ескере отырып, айтылған мүмкіндіктерді жүзеге асыру
2. Мектепішілік бақылауды бір жүйеге келтіру (нақты жоспар жасау, әкімшілікке,бірлестік жетекшілеріне, тәжірибелі пән мұғалімдеріне міндеттерді нақты бөліп беру).
3. Мектептің даму жоспарын заманауи талаптарға сай жасау
4. Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің дайындық деңгейін қатаң бақылауға алу.
5. Жаңадан келген педагогикалық кадрларды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өткізіп алу.
6. Төмен білім сапасын көрсеткен сыныптарға әр пән бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылауға қою.
7. Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитетінің жұмыстарын тығыз байланыстыру.
8. Мұқтаж оқушыларға материалдық көмек беру жұмыстарын жандандыру.
9. Озат тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, қалалық, облыстық, республикалық семинарларға қатысу және мектебімізде өткізу, әдістемелік нұсқаулықтар және авторлық бағдарламалар құрастыруды қолға алу.
10. Мұғалімдердің өз пәндері бойынша пән олимпиадалары мен пәндік байқауларға қатысып, өз шеберліктерін арттыру.
11. Дарынды балалармен жұмысты жандандыру. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтар мен психологтардың кәсіби дайындығын жетілдіру.
12. Күнделік.KZ білім жүйесінде жұмысты үздіксіз жүргізу.
16. Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату арқылы ғылыми жоба жұмыстарын жандандыру.
Осы ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, жаңа оқу жылының басым бағыттары, мақсат, міндеттері анықталды. Биылғы 2021-2022 оқу жылындағы мектептің өзекті мәселесі «Тиімді білім беру платформаларын пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру» деп алынды, мұғалімдерге ақпараттық онлайн платформалар арқылы, қашықтан білім алушыларға сапалы білім бере отырып, бүгінгі өзгермелі қоғамға сай құзіретті тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмыстар ұйымдастырылуда. Мектептің бір жылдық жұмыс жоспарының бағыттары бойынша жоспарлауда ең алдымен әр бағыттың жаңа оқу жылында қойылған міндеттері көрсетіледі. Міндеттер мектеп жұмысының мақсатына сәйкес алынады. Мақсаты: Бәсекеге қабілетті, ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған, сыни тұрғыдан ойлана алатын, кең ауқымды дағдылар қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі мектеп – үлкен және күрделі құрылым. Оның табысты қызметі: сапалы білім беру үдерісі және педагогикалық ұжымның, соның ішінде басшы кадрлардың жоғары кәсіби еңбегі нәтижесінде жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, мектептің ішкі ортасына талдау жасай отырып, нақты жіберген кемшіліктеріміз бен олқылықтарымызды айқын біліп отырамыз, білім беру үдерісінде орын алып жатқан проблемалардың себебін анықтадық. Мектепті басқару саласы мен білім беру қызметіндегі мәселелерді шешу үшін SWOT- талдау әдісі тиімді екеніне көз жеткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет