Мектептің өмірмен байланысын нығайту және ссср-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы



бет8/8
Дата12.12.2023
өлшемі27,1 Kb.
#196646
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-69066

бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұнының маңызды құрылымдық компоненттерін құрайтын білім беру стандартының, оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының, оқу жоспарларының, оқу - әдістемелік кешенді құрайтын нормативтік құжаттардың туындап әрі қарай дамуын байқауға мүмкіндік берді
Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш сатысында оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш сатысында оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесi сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
- негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық дiлiн, өз елiнiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм (1-саты) оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.
Әйтсе де көпшiлiк жағдайда балалардың оқу, жазу және санай алу дағдыларының қалыптасуы тексерiлетiнiн; баланың оқуға дайындығын тестiлеу арқылы тексерудiң нәтижесiздiгiн; алдын-ала тексерудiң жағымсыз немесе төмен деңгейдегi көрсеткiштерi баланы оқуға қабылдамауға негiз болатындығын тәжiрибе көрсетiп отыр. Бiрақ, мұндай құқық медицина қызметкерлерiне ғана тән.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы оқыту процесiне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс iстегенде мектепке дейiнгi жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды дайындық деңгейiне қарай топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың “сатылық” режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалысы мен ыстық тамақтандыру ескерiп белгiленедi, алайда ол 10 минуттан кем болмауға тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш сатысы бар бiлiм беру ұйымдарында бiрiншi сыныптықтар оқуды бiрiншi ауысымда ертеңгі сағат 8.30-дан ерте бастамауы тиіс.
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен сағат көлемi арқылы жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - олардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай шығармашылық дамуына қажеттi жағдайлар жасау.
Нақты ұйымда бiлiм беру мазмұны 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Ұйымның талаптарына балаларды бейiмдеу процесiн жеңiлдету мақсатында 1-сыныптарда оқу жүктемесiн бiртiндеп өсiре отырып, оқу сабақтарының “сатылы режимi” қолданылуы тиiс: 1-тоқсанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ сабақ өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесiн жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы)
Мектептiң бастауыш сатысы бойынша жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.)оқушылар жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралықты және қорытынды бақылаудың тесттiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процесiнiң межелiк кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында — 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2006-2007 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр тiлдерiнде оқытылатын жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы N148 бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003) пайдаланылады.
Мектептiң бастауыш сатысында пәндердi оқыту өңделiп, қайта басылымнан шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк кешендерi бойынша (оқулық, әдiстемелiк нұсқау, жұмыс дәптерлерi, дидактикалық материалдар, хрестоматия) жүзеге асырылады (ҚР БжҒМ-нің 06.01. 2006 ж. № 6, 03.2006 ж. № 129, 25. 04. 2006 ж. № 210 бұйрықтары).
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту процесiн оқу-әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге асырады.
Төменде барлық типтегi мектептердiң 1-4 сыныптарына арналған базалық оқу пәндерi мен оқулықтары тiзбесiне сипаттама берiледi.
Мектептiң бастауыш сатысындағы “Филология” бiлiм саласына “Сауат ашу”, “Қазақ тiлi”, “Әдебиеттiк оқу“ пәндерi енедi.
Бастауыш сатыда “Филология” бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк — iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.
Бастауыш сатыда оқытуда оқушы үшiн тiл қарым-қатынас құралы ғана емес, қоршаған ортаны тануға, адамның тiлi мен ақыл-ойын дамытуға, адамдардың бiр-бiрiне өзара әсер етуiне, оларға эстетикалық және адамгершiлiк тәрбие беруге мүмкiндiктер ретiнде көрiнедi.
Бастауыш сатыдағы “Филология” бiлiм саласын оқытудағы тiлдiң қызметi қарым-қатынастың, қоршаған ортаны танудың, жеке тұлғаның өзiндiк қызығушылықтарын, қажеттiлiктерiн және қабiлеттерiн дамытудың құралы ретiнде қарастырылады.
1- сыныпСауат ашу бойы (аптасына 7 сағаттан) жүретiн оқу пәнi.
Сауат ашу курсы әлiппеге дейiнгi кезең, әлiппе кезеңi және әлiппеден кейiнгi кезең деп аталатын үш кезеңге бөлiнген.
әлiппеден кейiнгi кезеңнiң IIПәннiң негiзгi ерекшелiгi жартыжылдықтың өн бойында жалғастырылып оқытылуы.
Сауат ашудың басты мақсаты тiл дамытумен өзара байланыста оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру (I жартыжылдықта “Әлiппе” оқулығының материалдарында) және оқу және жазу дағдыларын жетiлдiру, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту (II жартыжылдықта „Ана тiлi” оқулығының материалдарында).
Оқу пәнiнiң базалық мазмұны:
негiзгi тiлдiк бiрлiктер - дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтiн;
қазақ алфавитiнiң әрiптерi;
оқуға және жазуға, тiл дамытуға арналған иллюстративтiк, мәтiндiк материалдар;
дыбыстық және дыбыстық-әрiптiк сызбалар, буынның, сөздiң, сөйлемнiң сызбалары;
5) алғашқы грамматикалық мағлұматтар (II жартыжылдықта - әлiппеден кейiнгi кезеңде).
Оқу пәнiнiң мазмұны 2 оқулық бойынша жүзеге асырылады: “Әлiппе” оқулығында әлiппеге дейiнгi және әлiппе кезеңдерiнiң мазмұны, “Ана тiлi” оқулығында әлiппеден кейiнгi кезеңнiң мазмұны қамтылады.
“Сауат ашу” пәнiнiң кiрiктiрiлген сабақтарының мiндеттерi:
- әлiппеге дейiнгi кезең: 1) сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 2) дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны “оқу”; 3) жазуға даярлау (әр түрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазу;
- әлiппе кезеңi: 1) құрамында жаңа таныстырылған әрiпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; 2) жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); 3) сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; 4) буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; 5)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет