Даму жоспары
1.
|
№4 мектептің миссиясы
|
2.
|
Мектептің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және міндеттері
|
3.
|
Мектептің функционалдық мүмкіндіктері
|
4
|
Мектептің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жұмыс жоспары
|
5.
|
Қосымша: Стратегиялық жоспардың әзірленуіне негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
|
№ 4 ЖББОМ 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспары
1. № 4 жалпы білім беретін мектептің миссиясы Бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Мақсаты :Балалардың білімділігін, бәсекеге қабілеттілігін қазіргі заман талабына сай қалыптастыру
1. Мектеп туралы жалпы ақпарат. Қазіргі мектеп базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарына толық сәйкес емес. Мектеп 1959 жылы типтік жобадан тыс салынған. 2 қабатты, 250 орындық, 2 ауысымда жұмыс істейді. Мектепте 6 интерактивті әмбебап тақта кабинеті (2008 жылы пайдалануға берілген,заман талабына сай емес),1 интерактивті тақта – 2013 жылы қойылды ,2 компьютерлік кабинет жұмыс жасауда. Бір компьютерге 8 оқушыдан келетін ара қатынасқа қол жеткізілді. Мектеп интернетке қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы 30-100 кб/c.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлілігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі мектепте пәндік кабинеттің болуы .Мектептегі 12 оқу кабинетінің бесеуі, яғни 47% заман талабына сай жабдықталған. Шеберханадағы құрал - жабдықтар толығымен істен шыққан.
2013-2014 жылы мектеп шағын ауданында аз қамтамасыз етілген отбасының балалары 38. 2013-2014 жылы олар 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің қажетті түрде қамтамасыз етілуі
Мектеп микроауданында 1 жетім бала бар. Оған патронат тәрбиеші тағайындалған.
№4 ЖББОМ 2014-2018 жылдарға арналған жұмыс бағыттары:
1. Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету
2. Балалардың жан-жақты дамуына,әлеуметтендірілуіне жағдай жасау
3. Білім жүйесіне жаңашыл деңгейлі технологиялардың тиімді және жүйелі енгізілуіне мүмкіндік туғыздыру
Бағыттары және міндеттері
|
Іс әрекет (шаралар)
|
Өткізілетін орны
|
Өткізу уақыты
|
Жауапты адам
|
басталуы
|
аяқталуы
|
(Не?)
|
(Қалай?)
|
(Қай жерде?)
|
( Қашан?)
|
( Кім?)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу
|
Биология, география
|
Деңгейлік Кембридж технологиясының басты стратегияларын оқу үрдісінде қолдану .Сын тұрғысынан ойлау
|
Мектепте (5-9 сыныптар)
|
01.09.2014-25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
Физика,математика
|
Деңгейлік Кембридж технологиясының басты стратегияларын оқу үрдісінде қолдану. Сын тұрғысынан ойлау
|
Мектепте (7-9 сыныптар)
|
01.09.2014-25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Сатылай - кешенді талдау технологиясын енгізу,Диалогтық оқыту әдістемесін сабақта қолдану
|
Мектепте
(5-9 сыныптар)
|
01.09.2014 25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
Тарих ,орыс тілі мен әдебиеті
|
Деңгейлік Кембридж технологиясының басты стратегияларын оқу үрдісінде қолдану,критериалдық - бағалау жүйесін енгізу, Лессон Стади әдістемесін қолдану
|
Мектепте
(5-9 сыныптар)
|
01.09.2014 -25.05.2017
|
Бастауыш сыныптар
|
Деңгейлік Кембридж технологиясының басты стратегияларын оқу үрдісінде қолдану . Сын тұрғысынан ойлау
|
Мектепте (2-4 сыныптар)
|
01.09.2014 - 25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
1.2
|
Оқытудың жаңа технологияларының білім сапасына әсерін зерттеу
|
Мектепте
|
01.09.2014 - 25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі, ӘБ жетекшілері,мектеп психологі
|
1.3
|
Озат тәжірибелерді анықтау, насихаттау, жүйелеу
|
Мектепте
|
01.09.2014 - 25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
1.4.
|
Мұғалімдердің интерактивті технологиямен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру және дамыту
|
Мектепте
|
01.09.2014 - 25.05.2017
|
Оқу ісінің меңгерушісі,ӘБ жетекшілері
|
2. Материалдық базаны нығайту
|
Міндеттері:Мектепшілік пән кабинеттерінің мұмкіндіктерін заман талабына сай жабдықтандыру
|
-Технология кабинеттерін жабдықтау
2.Бастауыш сынып кабинеттерін жабдықтау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1- бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету
|
мақсат
|
Нысаналы индикатор
|
Мектептегі негізгі орта білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету
|
Мектеп бойынша білім сапасын 51 пайызға жеткізу, 4,9 сыныптардың ОЖСБ тапсырудағы орташа балын ұлғайту(әрбір тапсырылатын пән бойынша орташа 12 баллға жеткізу
Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндердің білім сапасы деңгейін арттыру: 2014 ж – 40 пайыз, 2015- 42 пайыз
|
1-міндет
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
|
Көрсеткіштер Педагогтардың жалпы санынан деңгейлік Кембридж технологиясы бойынша курстардан өткен мұғалімдер саны – 9 (2012 ж -3 мұғалім үшінші деңгейлі курс, 2014 ж-3 мұғалім бірінші деңгейлі курс,
1 мұғалім екінші деңгейлі курс, 2015 ж-2 мұғалім үшінші деңгейлі курс ,)
Педагогтардың жалпы санынан 2014 жылы біліктілік санатын бекіткен - 6 (2 мұғалім – жоғары санатқа, 4 мұғалім – екінші санатқа ) 2015 ж. -4 мұғалімді санатын бекітуге ұсыну ( үшеуі – бірінші санатқа, екеуі – екінші санатқа)
|
2-міндет
Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету
|
Көрсеткіштер
Мектептің типтік спорт залының үлесі 2014 жыл – 4 үйірме (76 оқушы) ,2015 ж.-6 үйірме (92 оқушы )
Оқушыларды Президенттік тестімен қамту
Жалпы оқушылар санынан спорт секциялары және балалар-жасөспірімдер мектептерімен оқушыларды қамту
Мектепті стандартқа сәйкес жиһаздармен қамтамасыз етілуі .
|
3-міндет
Қосымша білім берудің қолжетімдігін қамтамасыз ету
|
Көрсеткіштер
Жалпы оқушылар санынан қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі 2013-2014 жылы (234)-100%
Жазғы тынығу лагерьлеріне барған балалардың санын көбейту 2013 ж - 8 , 2014 ж. – 10, 2015 ж -18
|
4-міндет
Даму мүмкіндігі шектелген балалардың білім алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету
|
Көрсеткіштер
Үйден оқыту үрдісімен қамтылған балалар -1 (3-сынып )
|
5-міндет
Қабілеті жоғары оқушымен жұмысты жандандыру,жетілдіру
|
Көрсеткіштер
Мектепті Үздік куәлікпен аяқтаған үміткерлердің жалпы санының үлесі 2013ж-1 оқушы(Тулаганова Ә.,-2014 ж. 2 оқушы – Орынбасар Дидар, Абдумуслим Айдана, 2015 ж – 2 оқушы – Дайкенов М., Садвокасов Б.
|
2-бағыт. Бастауыш білім беру сапасы», «Оқу жүйесінің сапасы», «Математикалық және жаратылыстану білімнің сапасы», «Мектептерде Интернетке қол жетімділік» индикаторларының жақсаруына ықпал ету
|
Оқушыларды жан-жақты дамытуға жағдай жасау, оларды әлеуметтендіру
|
Мақсат
Балалардың өмір сүру, оқу сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету
|
Нысаналы индикатор
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмек көрсету
2013 ж - 38 бала, 2014 ж – 24 бала, 2015 ж. – 24 бала
|
1-міндет
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу және болдырмау
|
Көрсеткіштер
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған оқушылардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу, көмек көрсету
|
2-міндет
Жалпыға міндетті білімді білім беру және мектепте тамақтануды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
|
Көрсеткіштер
Оқушылардың жалпы санының сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз етілген мектеп оқушыларының саны 2012-2013 ж – 247 оқушы - 100%, 2013 - 2014 ж (250 ) - оқушы - 100%, 2015 жылы – 257 оқушы – 100 пайыз
Сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтылған аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың жалпы санынан: 2012-2013 ж - 40, 2013 – 2014 ж (38)-100%, 2014-2015 оқу жылы - 24, 2015-2016 оқу жылы -24
Мектеп асханасының технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 2013 ж-( ), 2014 ж- ( ).
Мектепке бармай жүрген оқушыны болдырмау
|
|
|
|
|
Мектептің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жоспар (2015-2018 жылдар)
№ п/п
|
Бағыттары
|
Міндеттері
|
1 –кезең - 2014-2015 оқу жылы
|
2 -кезең- 2015– 2016оқу жылы
|
3 -кезең- 2016-2017 оқу жылы
|
1.
|
Басқару нысанындағы өзгерістер
|
Мектеп жұмысының үрдісін --- - Әрбір оқушыға психологиялық ыңғайлы (комфорт) жағдай туғыздыруға бағыттау
-оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасау
-оқушы мен мұғалімнің ғылыми-зерттеу және жобалау әрекеттерін қалыптастыру және дамыту
|
Замануи деңгейдегі біртұтас оқыту-тәрбие үдерісін іске асыру
|
Оқу-тәрбие үрдісіндегі біртұтастықты және сабақтастықты іске асырудағы әдіс-тәсілдер мен технологияларды сараптау, ең тиімділерін басшылыққа алу
|
2.
|
Оқыту және тәрбие берудегі қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер
|
Деңгейлік жаңашыл курстардағы қолданылатын технологияларды оқу үрдісіне сатылай енгізілуіне жағдай туғыздыру .Оқушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қарастырып,оқу үрдісіне енгізу .
Қабілетті оқушымен жұмыс,оқушының өзін-өзі басқаруға бағытталған жұмыс бағдарламасын қарастыру
|
Деңгейлік жаңашыл курстардың талаптарына сай сабақ талдау,сын-пікір жүргізу әдіс –тәсілдерін меңгеру
«Қабілетті оқушы», «Өзін-өзі басқару» бағдарламаларын іске асыру .
|
Оқыту-тәрбие үрдісіндегі ең тиімді әдіс-тәсілдерін қорын жинақтау
Оқушылардың оқу және шығармашылық қабілеттерінің даму мониторингін сараптау
|
3.
|
Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер
|
Оқытудың вариативтік бөлігінің түрленуіне және тиімді өткізілуіне мүмкіндік жасау
Оқытудың бастауыш және орта буынындағы сабақтастықтың сақталуын қадағалау
|
Оқытудың бастауыш және орта буынындағы сабақтастықтың сақталуына жан-жақты сараптама жасау .Оқыту және тәрбие үрдісін жоғары деңгейге көтеретін ең тиімді әдіс-тәсілдерді,технологияларды анықтап алу
|
Оқу-тәрбие үрдісіне сараптама жүргізу
|
4.
|
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгертістер
|
«Мәңгілік ел бағдарламасын»жан-жақты талдау ,сараптау,оқу үрдісіне енгізілуіне мүмкіндік жасау
Мектеп жұмысына әлеуметтік серікетестерді қатыстыру
|
«Мәңгілік ел бағдарламасын» тәрбие үрдісіне толыққанды енгізу
|
Біртұтас тәрбие кешені мен кеңістігін құрастыру
Бағдарламаның нәтижелігін сараптау
|
5
|
Мектепшілік басқарудағы өзгерістер
|
Мектепшілік кеңес мүшелерінің мектеп жұмысын басқаруға қатыстыру
|
|
Жаңашыл басқару құрылымның жұмысын сараптау
|
6
|
Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер
|
Мұғалімдердің жаңа деңгейлік курстарға қатысуының қажеттілігін анықтау
|
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарға қатысуын, аттестациядан өтуін қамтамасыз ету
|
Мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау
|
7
|
Мұғалім қызметін ынталандырудағы өзгерістер
|
Жаңашыл технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолданушы, мектеп рейтингісіне басым үлес қосқан мұғалімдердің түрлі мадақтамаларға ұсынылуын қадағалау, іске асыру
|
Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін , мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай туғызу
|
Мұғалімдердің қызмет жағдайымен, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылғанын анықтау мақсатымен түрлі сауалнамалар жүргізу, нәтижесін мұғалімдер кеңесінде талқылау
|
8
|
Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер
|
Пән кабинеттерінің көрнекі құралдармен толықтырылуы , жаңашыл пернетақталардың кабинеттерге алынуына ықпал ету
|
Бастауыш сынып кабинеттерінің технология,дене шынықтыру пәндеріне арналған кабинеттердің жаңа техникамен жабдықталуын қамтамасыз ету
|
Оқыту –тәрбие үрдісін жаңа заман талаптарына сай жабдықталуын қамтамасыз ету
|
9
|
Құқықтық жағдаяттардағы локальді актілердегі өзгерістер
|
Мектептің даму бағдарламасын қарастыру,мектеп құжаттарына өзгерістер енгізу (локальные акты)
|
Нормативтік-құқықтық базаның мерзімді жетілдіріп,толықтырып отыру
|
Нормативтік-құқықтық базаның мерзімді жетілдіріп,толықтырып отыру
|
12.
|
Күтілетін нәтижелер
|
1.Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуы , дамуы
2.Жаңа технологияларды инновацияларды енгізуге жағдай туғызу
3. Мектепшілік әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жоспарын қарастыру «Негізгі құзіреттіліктері қалыптасқан,әлеуметтендірілген,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару»
|
1.Қорытынды мемлекеттік аттестацияның ауқымды нәтижелері
2. Әлеуметтендірілген,бәсекеге қабілетті оқушыны оқытып тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүйесін қалыптастыру
3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы (түрлі сайыстарға,олимпиадаларға қатысушылардың нәтижелілігін өсіру )
|
Мектептің даму бағдарламасын іске асыру барысында мектеп жұмысының барлық бағыттарының жан-жақты дамуына жүйеленуіне әкеледі
|
Мектептің қысқа мерзімді дамуының жоспары 2014-2015 жыл
№ п/п
|
Бағыттары
|
Міндеттері
|
Іс- шаралар
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1.
|
Басқару нысанындағы өзгерістер
|
Мектептің іс-әрекетін,қызметін жетілдіру
|
1.Мектептің даму бағдарламасын мұғалімдер кеңесінде талдау
-мектеп кеңесінде талдау
-ата-аналар жиналысында талдау
|
2014- тамыз
|
Директор
Мектеп әкімшілігі
|
2
|
Оқыту және тәрбие берудегі қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер
|
Деңгейлік жаңашыл курстардағы қолданылатын технологияларды оқу үрдісіне сатылай енгізілуіне жағдай туғыздыру .Оқушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қарастырып,оқу үрдісіне енгізу .
Қабілетті оқушымен жұмыс ,оқушының өзін-өзі басқаруға бағытталған жұмыс бағдарламасын қарастыру
|
1. Мектепшілік әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жоспарын қарастыру «Негізгі құзіреттіліктері қалыптасқан,әлеуметтендірілген ,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару»
2.Мақсатты семинар –коучингтерді қарастыру
- «Қабілетті оқушы»;
- «Өзін-өзі басқару»;
-«Мұғалімнің кәсіби кемелденуі»
3. Теориялық семинар:
«Жаңашыл педагогикалық технологиялар »
|
2014 ж. тамыз
|
Директордың ОТЖО
|
3
|
Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер
|
Оқытудың вариативтік бөлігінің түрленуіне және тиімді өткізілуіне мүмкіндік жасау
Оқытудың бастауыш және орта буынындағы сабақтастықтың сақталуын қадағалау
|
1. Оқушылар арасында «Пәннің оқытылуы» , «Пәнге деген қызығушылығы»тәріздес сауалнамалар жүргізу
2. Вариативтік сағаттардың жоспарын қарастыруда оқушының құзіреттілігін қалыптастыру талаптарына сәйкес құрастыру
3. Педконсилиум «Бесінші сыныптың орта буынға бейімделуі».
4. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне бағытталған жұмыс жоспарын қарастыру
|
Жыл бойы
Тамыз 2014 ж.
Қараша 2014ж.
Қараша 2014 ж.
|
Директордың ОТЖО
Пән мұғалімдері,
ӘБ жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері
|
4
|
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгерістер
|
«Мәңгілік ел бағдарламасын»жан-жақты талдау,сараптау,оқу үрдісіне енгізілуіне мүмкіндік жасау
Мектеп жұмысына әлеуметтік серікетестерді қатыстыру
|
1. «Мәңгілік ел бағдарламасы»
бойынша теориялық семинар өткізу
2. Оңтүстік шығыс полициясымен, наркоорталығымен бірлесе қарастырылған жұмыс жоспарын бекіту
|
Қырқүйек
2013 ж.
|
Директор
Директордың ТІО
|
5
|
Мектепшілік басқарудағы өзгерістер
|
Мектепшілік кеңес мүшелерінің мектеп жұмысын басқаруға қатыстыру
|
1. Мектепшілік кеңеске мектептің даму бағдарламасын ұсыну
2. Мектепшілік кеңес отырыстарына қатысу
|
Тамыз 2014 ж.
|
Әкімшілік
|
6
|
Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер
|
Мұғалімдердің жаңа деңгейлік курстарға қатысуының қажеттілігін анықтау,біліктілігін арттыру курстарға қатысуына мүмкіндік туғыздыру
|
1.Біліктілігін арттыру курстарының кестесін құрастыру, орындалуын қадағалау
|
Қырқүйек 2014 ж.
|
Директордың ОТЖО
|
7
|
Мұғалім қызметін ынталандырудағы өзгерістер
|
Жаңашыл технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолданушы, мектеп рейтингісіне басым үлес қосқан мұғалімдердің түрлі мадақтамаларға ұсынылуын қадағалау, іске асыру
|
Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін, мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған шаралар жоспарлау, өткізу
|
Тамыз 2014 ж.
|
Әкімшілік
|
8
|
Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер
|
Пән кабинеттерінің көрнекі құралдармен толықтырылуы , жаңашыл пернетақталардың кабинеттерге алынуына ықпал ету
|
1.Технология кабинеттерін жабдықтандыру
2.Бастауыш сынып кабинеттерін заман талабына сай жабдықтандыру
|
Жыл бойы
|
директор
|
9
|
Құқықтық жағдаяттардағы ,локальді актілердегі өзгерістер
|
Мектептің даму бағдарламасын қарастыру ,мектеп жарғысын ,локальді актілерін толықтыру
|
1. Мектептің даму бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарын қарастыру
|
Тамыз 2014 ж
|
Директор
|
Қабілетті оқушылармен жұмыс, оқушының өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысы
1. Оқушыларды КИО олипиадасына, жеке пәндер олимпиадасына, конференцияларға, қалалық жобаларға, Жыл оқушысы ,Жыл командасы сайыстарына, зияткерлік олимпиадаларға, көрмелерге қатыстыру
2. Үйірме, факультатив сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау
3. Оқу-тәрбие үрдісінің қызметін іске асыруда тұлғаның өздік қабілеттерін(өзін-өзі басқару , өзін-өзі бағалау , өздігінен білім алу) қалыптастыруды басшылыққа алу
4. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының БАҚ ,әдістемелік басылымдарға жайғастырылуын ұйымдастыру
5. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметін оқушылардың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтауға бағыттау , нәтижелерін сараптап , жұмыс жоспарына толықтырулар , түзетулер енгізу
Мүғалімдермен жұмыс
1. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыруға жағдай туғыздыру
2. Қызметтегі белсенділігі мен шығармашылығы жоғары деңгейдегі мұғалімдерді марапаттау жолдарын қарастыру
3. Мұғалімнің жаңашыл көзқарасын қалыптастуруға , әдістемелік қызметін жетілдіруге , салауатты өмір салтының ұстанымдарын іске асыруына жағдай туғыздыру
4. Психологиялық ыңғайлы жағдай туғыздыру
5. Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын заман талабына сай жетілдіру
6. Пәнаралық байланысты жүйелі түрде іске асыруда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін тиімді пайдалану
7. Мектепшілік шараларды мұғалімдер ұжымының біртұтастығына , ынтымақтастығына бағыттау
Инновациялық қызмет
1. Жаңашыл технологияларды қолдану арқылы ,оқушының жеке даму траекториясын құрастыру(оқушы портфолиосы) және іске асыру . Жеке тұлғаның қажеттілігі , мүмкіндігі мен қабілеттерін ескере отырып , деңгейлеп оқыту , сын тұрғысынан ойлау ,замануи сабақ технологиясы ,оқытудағы сатылай кешенді технологияларын жан-жақты қолдану
2. Интернет және АКТ арқылы оқытудың бірыңғай ақпаратты кешенінің ұйымдастырылуына және іске асырылуына жағдай туғызу
Салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға қалыптастыру
1. Оқушының психикалық және тұлғалық денсаулығын нығайту
2. Салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған вариативті білім беру үйірмелері мен бағдарламаларға жан-жақты қолдау көрсету
3. Оқушының денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстардың сапасын ,санын арттыру ,мұғалімдердің салауатты өмір салты бағыты бойынша біліктілігін арттыруға мүмкіндік туғыздыру
4. Оқушыны тамақтандыру үрдісінің жетілдірілуіне ,СаНПИН талаптарына сай болуына бақылау жүргізу
5. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралар мен бағдарламаларды іске асыруда мектептің , ата-аналардың жұмысын тығыз байланыстыруға ,үйлестіруге мүмкіндік туғыздыру .
Кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар
1) оқушының отбасылық тәрбиесінде ,әлеуметтік қоршаған ортасындағы салауатты өмір салтын сақтауға ,өз денсаулығын сақтауға деген салқын көзқарастың қалыптасуы және қалыптасқан жағдайды мемлекеттік саясат талабына сәйкестендірудің қажеттілігі
2) мұғалім,оқушы ,ата-ана қауымдастығы жұмысындағы біртұтастық жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі
Қорытынды
Қазіргі кезеңде мектеп жұмысын жаңа заман талабына сай ұйымдастыруға қажетті мұқтаждық туындады. Мұғалімдер ұжымы ,ата-аналар қоғамдастығы бірлесе отырып, мектептің жаңа стратегиялық бағыттарын анықтап ,нақтылап іске асыруға міндетті .
Мектеп мүмкіндіктерін ыңғайлы қолданып, осы стратегиялық жоспардың бағыттарын іске асырған жағдайда мектептің жұмысы қоғам мүддесіне сай келеді . Ол үшін мектептің әдістемелік қызметі мен жұмысына , ұйымдастырушылық-басқару жүйесіне өзгерістер енгізді талап етеді . Мектеп жұмысының оқу үрдісіне енгізілген жаңалықтар жаңа замануи талаптарға сәйкес болса ,мектептің даму стратегиясы жеке кезеңдерге сәйкес іске асырылады
7. 2014 – 2018 - жылдарға арналған стратегиялық жоспардың әзірленуіне негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің тізімі
1. Қазақстан Президентінің 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
2. 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы конвенция (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған).
3.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.
4. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардын профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» Қазақстан Республикасының2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы.
6.«Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы.
7.«Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және түзету-педагогикалық қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы.
8.«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы.
9.«2030 жылға дейін Қазақстанда Стратегия дамуының іске асыру шамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
10.«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы №306 қаулысы.
11.«Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетімдер ішінен білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыс және баспанамен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің2002 жылғы 22 желтоқсандағы № 1882 қаулысы.
Достарыңызбен бөлісу: |