Тәрбие мазмұны — әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Мектептің тәрбие жүйесі –жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.
Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.
Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі төмендегідей:
- Мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы.
- Оқушылардың дамуына бағытталған мектепішілік басқарудың құрылымы
- Жалпы мектепішілік дәстүрлі шаралар, мектеп ұйымдарын, бірлестіктерін қалыптастыру
- Жоспарлау
- Нәтижені талдау және оны болашақта практикаға енгізу
Тәрбие жүйесі қызметі тиімділігінің сапалық көрсеткіштері:
- Мұғалімнің, оқушының, ата-ананың түсінігіндегі мектеп бейнесі.
- Тәрбие жүйесінің өте жақсы нәтижесі – мектеп түлегі.
- Ұжымдағы психологиялық ахуал, мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы
- Жүйенің әр түрлі субъектілерінің арасындағы өзара байланысы.
- қоғамдағы мектептің беделі
Мектепте тәрбие жүйесін жүзеге асыру мақсатында
мынадай тәрбие орталығы құрылды:
Негізгі ойлау операцияларына ғылымда
Анализ
бүтінді бөліктерге
ойша жіктеу немесе
бүтіннің жеке қасиеттерін
ойша бөлу
болып табылады.
Синтез
заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру
немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.
Салыстыру жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды