Мектепті тұрақты жаңғырту ұстанымы негізінде менеджерлік басқару
Ағылшын термині «менеджмент» қазақ тілінде «басқару» деп аудару қабылданған, ал «менеджер»- басқарушы деген мағынаны білдіреді.
Менеджмент –іс әрекеттің ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында басқарудың әдістерінің, принциптерінің, амалдарының жиынтығы.
Минималды шығын және максималды тиімділікпен мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Бұл анықтама менеджменттің негізін салушы Анри Файоль анықтамасына сәйкес: «Менеджмент – істі мақсатына жеткізу мен одан барынша көп мүмкіншілік пен пайда алу»
нақты мақсат, айқын бағыт
талдау, жоспарлау,
ұйымдастыру,
үйлестіру
ынталандыру
қортынды жасау, шешім қабылдау
бақылау,
есепке алу,
мониторинг
мақсатқа жету-нәтиже
Басқару құрылымы:
«Бұл әлемдегі ең ғажап нәрсе –сен көрсетіп берген жолмен сенімді түрде алға кетіп бара жатқан баланы көру». Конфуций Мақсаты: Негізгі құзіреттілігі қалыптасқан түлек даярлау. Бағыты: Педагогикалық үрдістің жаңашылдығын қамтамасыз ете отырып педагогтардың құзіреттілік тәсілін шыңдау, кәсіби шеберлігін арттыру. Негізгі құзіреттілік күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әр алуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды қабілет жиынтығы.
нәтиже-сапалы дайындық
мониторинг
педагогикалық, әдістемелік,
психологиялық, медициналық қызмет
Қаржыландыру
«Балапан» бағдарламасы
жабдықтау
Кәсіби мамандармен қамтамасыз ету
Нормативті-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету
Басқару жүйесі
қоғаммен байланыс
МДҰ қамтылмаған балалармен жұмыс
Ата-анамен жұмыс
Тәрбиеленуші-түлек
Мамандармен жұмыс
мектеппен сабақтастық
Басқару бағыттары:
«Тұрақты жаңғырту» ұстанымы: «Тұрақты жаңғырту» ұстанымы: Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Коуч өнері- педагогтың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.
Табысты еңбекке- қолайлы жағдай, жағымды ахуал
Талдау
Ұйымдастыру
Жоспарлау
Үйлестіру
Меңгеруші (менеджер) ол, ең алдымен, ұжымының психологиялық ерекшеліктерін жете меңгерген, оқу-әдістемелік, дидактикалық жаңалықтардан хабардар, ғылыми-зерттеу, ізденістер бағытын білетін шебер ұстаз болу керек.
Күшіңе сенбе адал ісіңе сен
Кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті маман
бақылау
есепке алу рейтинг
мониторинг
Балабақша жұмысының барлық саласында бақылау, сапасын арттыру, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау, ұжымның құқықтық және әлеуметтік қызмет нормаларының сақталуын, жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады.
Барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану
қортынды жасау
шешім қабылдау
дұрыс шешім қабылдау үшін екі бағытты игеруі тиіс: ғылым негіздері және басқару өнері.
Отбасы сұраныстарына сергек қарау, заманауи тәрбие мен оқыту міндеттерін шешуде құзіретті болу
Ұжым мүшелеріне, мамандарына нақты тапсырмалардың орындалу мерзімін және маңызды элементтерін атап беруі, өз еріктерімен жұмыс жасап, шешімдер қабылдауына мүмкіндік беруге, іс қимылдарын бақылап және үйлестіріп, қажет болған жағдайда түзетіп, сынға алып отыруы қажет.
Әріптестік ынтымақтастық, қайырылымдық, Әріптестік ынтымақтастық, қайырылымдық, көмекке ұмтылу, кәсіби қызығушылық. Ұжым мүшелері атқарған жұмыстарға үнемі қолдау жасау сәтті ісіне қуантып, оның әрбір жетістігін мақтап отыруы, дем беру немесе жеке жазалау шараларын қолдану, шын жүректен бағалауы-педагогтің ынта-ықыласын игі істерге бастайды.
Ынтымақтастық қарым-қатынасы
сыйақы
мадақтама
қолдау
ынталандыру
Меңгерушілік тек лауазым, бедел ғана емес
Белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі, сынай білу және сынды қабылдай білуі, ұжыммен қарым-қатынас этикасы, логикалық,сыни, жүйелі ойлау қабілеті болуы тиіс.
- Іскер,тіл табатын, бастамашыл, батыл, жауапты,
денсаулығы, эрудициясы,тәжірибесі болуы керек,
- Мақсат-міндетін, стратегиясын, тактикасын, нарықты, тұтынушы сұранысын, талабын білуі керек,
- басқаруды, басқарудың әдіс-технологиясын, істі ұйымдастыру, қаржы, басқа да мәселені шешуде өзін жетілдіруді игеруі керек,
- жұмысты жоспарлау, шешім қабылдау, тәуекелге бару, ықпал ету жасай білуі керек
Міндетті:
Мектепке дейінгі мекемені басқарудағы менеджменттің педагогикалық-психологиялық негізі- әлеуметтік құндылықтар, қызметкерлерге сенім білдіру, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу, ұжым және ондағы қарым-қатынас, жағымды психологиялық климат, басқару мен менеджер ролі, сондай-ақ оның мақсатқа сай қызмет етуі және ұжымның абыройлы жұмыс істеуі.
Басқару өзектілігі.
«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек.»
М. Әуезов
Достарыңызбен бөлісу: |