Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет14/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
spravputkz

ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ
Қорытынды бақылау (аралық аттестация) емтихан тапсыру формасында жүргізіледі.

Емтихандар кесте бойынша аралық аттестация кезеңінде тапсырылады. «Дулати университеті» КЕ АҚ-да емтихандар мынадай түрде өткізіледі: жазбаша, ауызша, аралас және тест түрінде. Тест компьютер арқылы өткізіледі. Емтиханның жазбаша түрі билеттегі сұрақтарға жазбаша жауап беруді талап етеді. Ауызша емтихан – емтиханның дәстүрлі түрі болып табылады, мұнда студент билеттің сұрақтарына ауызша жауап береді. Аралас түрі – бұл емтиханның аралас түрі болып табылады, мұнда билеттің бір бөлігі жазбаша жауапты талап етсе, ал бір бөлігі ауызша жауап беруді талап етеді.

Тиімділік пен объективтілікті көтеру және барлық білім беру технологиясының сапасын арттыру мақсатында қорытынды бақылау оқу үрдісінен бөлек жүргізіледі. Яғни, тест түріндегі емтиханды пәнді жүргізген оқытушы емес, басқа кезекші оқытушы (проктор) өткізеді. Егер емтихан жазбаша немесе аралас түрде қарастырылса, студенттердің жауаптары тексерердің алдында шифрланады.

Сіз аралық аттестацияны жүргізу барысында емтиханда алған балл ғана есепке алынбай, сонымен қатар оқу кезіндегі семестр бойы алған жинақ балы да есепке алынатындығын есте сақтауыңыз қажет. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдық үлгерім бағасы мен емтихан бағасы кіреді, яғни ол жинақтаған балл саны мен емтихан балынан құралады. Мысалы, егер сіз семестр бойы 50 балл жинасаңыз, ал емтиханда 35 алсаңыз, онда сіз 85 балл аласыз, ол әріптік бағамен В+, яғни «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет