Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет17/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
spravputkz

АПЕЛЛЯЦИЯ
Егер сіз қорытынды бақылау (емтихан) нәтижесімен келіспесеңіз, онда сіз апелляцияға беруге құқылысыз. Апелляция –студенттер білімін объективсіз бағалау факторын жою мен анықтау мақсатында жүргізілетін процедура.

Апелляция студенттер бастамасымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:



  • тест тапсырмаларында техникалық қате болған жағдайда;

  • тест тапсырмаларында дұрыс жауап болмаған жағдайда;

  • тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болған жағдайда;

  • оқу бағдарламаларынан тыс тест тапсырмалары берілген жағдайда;

  • билет құрамында игерілген бағдарлама шеңберінен тыс сұрақтар берілген жағдайда және басқалар.

Жоғарыда аталған жағдайлардың бірі орын алған жағдайда студент, оператор немесе оқытушы қатысу парағына немесе арнайы акт бланкісіне орын алған жағдай туралы жазба қалдыруы керек.

Апелляция бекітілген үлгі бойынша тіркеу офисінің директорының атына өтінішіңіздің негізінде емтихан болған күні немесе емтихан өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күні сағат 12-00-ге дейін жүргізіледі.

Сіздердің назарларыңызды ерекше аударғымыз келетіні - сессия кезінде университетте Сапа күнінің өткізілуі және емтиханды арнайы «Адалдық алаңы/аудитория честности» аудиториясында тапсыру мүмкіндігінің болуы. Әдетте сессияның соңғы күні, сенбі күндері өткізілетін Сапа күніне барлық емтихандарын өте жоғары бағаға тапсырған, бірақ оның ішінде бір «жақсы» немесе «орташа» бағасы бар студенттер қатыса алады. Бұл кезде студенттің жоғары жинақ баллының болуы міндетті. «Адалдық алаңы/аудитория честности» - студент өз бетінше, оқытушылар мен кезекшілердің қатысуынсыз емтихан тапсыра алатын арнайы аудитория, бұл университет басшылығы тарапынан жоғары сенім мен оның адалдық дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Студенттердің сессия уақытындағы мүмкіндіктері туралы студенттік радиода хабарландырулар беріледі.

Студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) үшінші курста барлық мамандық студенттеріне тестілеу формасында білім беру сапасын бақылау түрінде өткізіледі. ОЖСБ-ны Білім және ғылым министрлігінің өкілдері өткізеді. Студенттің МЖМБС-да қарастырылған оқу пәндері көлемін игеру деңгейін анықтау – ОЖСБ-ның мақсаты болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет