Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет18/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Негізгі жазғы сессияның артынша Тіркеу офисі академиялық қарыздарын, пән айырмашылықтарын өтеуге және себепсіз жағдайлармен сессияны өткізіп алғандарға қосымша жаздық семестр ұйымдастырады.

Жазғы семестрдің ұзақтығы – 6 аптадан аз емес.

Қосымша семестрде оқу қызметі – оқуының формасына қарамастан ақылы түрде студент жүргізіледі. Пән бойынша төлем жасау кредит санына байланысты жасалады. Қосымша семестрге тіркеу кезінде сіз тіркеу офисінен төлем жасауға жолдама аласыз. Және оны емтиханға дейін бір апта бұрын төлеп, тіркеу офисіне төленген түбіртектің көшірмесін өткізуге тиіссіз.

3 курс студенттері 4 курсқа тек қарызы болмаған жағдайда ғана ауыстырылады.

Академиялық қарыз пәндерге және/немесе пән айырмашылықтарын жою үшін студент:


  • тіркеу офисінен пәндер тізімін және/немесе айырмашылықтарды анықтауыңыз керек (айырмашылықтар және қарыздарға тіркеу автоматты түрде жүргізіледі және тіркеуден шығу үшін тіркеу офисіне жеке өзіңіз баруыңыз керек);

  • пәндер бойынша сабаққа қатысу және балл жинау бекітілген академиялық күнтізбе мерзімі бойынша жүргізіледі;

  • пәндер бойынша емтихан тапсыру керек.

Егер сіздің жинақтау балыңыз 30 балдан кем болмаса, онда оқу ақысын төлеген жағдайда ғана емтиханға кіре аласыз. Егер сіз қорытынды бақылаудан (емтиханнан) өтпесеңіз, яғни емтихан кезінде 20 балдан төмен алсаңыз, онда бұл пәнге төленген төлемақы жойылады және қайтарылмайды. Аралық бақылаудан жиналған балл да жойылады.

Егер сіздің жинақтау балыңыз 20 балдан кем болмаса, пән бойынша толық төлемақы төлесеңіз, бірақ емтиханға себепсіз келмесеңіз, онда осы пәнге төленген төлемақы жойылады және қайтарылмайды. Аралық бақылаудан жиналған балл да жойылады.

Қосымша бір семестрге 30 кредитке дейін тіркелуге рұқсат беріледі. Пәндер саны көп болған жағдайда өзіңіз тіркеу офисіне келіп, өзіндік таңдау жасауыңыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет